Мулен Руж желісімен немесе матадан алқа жасау



Мынандай алқаны жасау үшін бар болғаны екі сағат уақыт пен 150 теңге + ескі мата керек.
Алдымен ескі матаны ені 5-7 см, ұзындығы 10-15 см болатын тіліктерге кесіп, орай бастаймыз. Сонда роза гүліне ұқсас бірдеңке шығады))) Үлкен кіші қып бірнешеуін жасап, фетр (қатты матаға) үстіне тігіп шығамыз. Сосын оны қиялымыздың жеткен жеріне дейін көркемдейміз. Менің гүлдерім қызыл болған соң, шамалы «секси» түрін жасамақ боп, қара таспаның екі түрімен әрледім. Сосын гүлдердің үстіне матаға арналған бояу «Декола» — алтын түсімен шамалы боядым. Кепкен соң моншақтарды тіктім де, өз өзіме мәәәәз болдым)))))



8 пікір

Korkem
Айжан, мынауың тіпті керемет екен, өнеріңе тәнтімін.
ardak1996
Осыны ободок ретінде кішкене етіп жасап, шаштың бәрін бір қапталға жинап тағып қойса әдемі болатын сияқты....

осы секілді болатын тәрізді* тамаша ғажап екен.Қолыңыз жамандық көрмесін
Aizhan
Aha, tap osylai bolady :))) Bul ambebap dunie goi :DDDDD
AKA
Супер, ұнайды!
madlen
Степ бай степ көрсетпепсің ғооой!
Arhun
"«секси» түрін жасамақ боп" =)))
Искусственный заттар әр уақытта тартымды болып келеді Тамаша, Айжан!
Togzhan
Өте әдемі, бүгін тура осылай қолдан жасалған әдемі гүлді бір қыз қарапайым бас киімге жапсырып қойыпты, қарағанда әдемі, көзге бірден түседі!)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.