Құрақ құрайық

Жазғы демалыс кезінде үйде уақытты бос өткізбеуге тырысып жүрмін. Қазіргі уақытта ұмытылып келе жатқан қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі-ҚҰРАҚ ҚҰРАУ. Мен Бразилияда футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқанына байланыстырып, «доп» құрағын құрауды жөн көрдім.(Бірінші рет пост жазып тұрғандықтан, қателіктер мен кемшіліктер болса, алдын ала кешірім сұраймын)
1)Ең алдымен тор көз дәптермен улгінің сызбасын сызып аламыз.
Оны қырқып алып басқа қатты қағазға түсіріп, улгі жасап аламыз.

2)Енді үлгіні маталарға түсіріп, сызып аламыз.
Оларды кесіп аламыз.
3)Қырқып алған маталарды осылай орналастырып, тігіп шығамыз.
4)
5)Осылайша бәрін тігіп шығамыз. Шетіне су(ені 7 см) жүргіземіз.
6) Дайын болған құрақтың астына астар тігеміз.

Дәл осылайша маталарды өз қалауыңызша орналастырып, неше түрлі құрақ құрауға болады.

Рахмет!

6 пікір

Korkem
Пәлі десе, ғажапсың! Қолыңа қуат берсін, Аллаһ!)) Өте тамаша, тек түстер үйлесімділігіне мән бер, жарай ма? Сенен тамаша посттар күтемін =)
nur_ai_mak125
Құдай қаласа! Рахмет сізге көөп-көп!
MSHERIMBEK
тамаша :)) алға Нұрай :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.