Фотошопта қиямыз

Мына жерде менің нағашым Фотошоптан «Жаз және жағажай» тақырыбында байқау ұйымдырыпты. Соған қатысты бір сабақ жариялап жіберудің реті келіп тұрған сияқты. Жалпы бұл жарыста суреттерді қиып, біріне бірін жапсырып коллаж жасау керек, сондықтан бүгінгі тақырып «Фотошопта суретті қиюға» арналады.

Жалпы фотошопта сурет қиюдың яғни суретті фоннан ажыратып алып, басқа фонға жапсырып қоюдың екіжүзқырықбес (көөөп) әдісі бар. Мен солардың негігзі бес алтауын көрсететін боламын.

Фотошопты қалай ашып, өңдеу керек суреттеріңізді қалай редактор бетіне шығаруды білетін шығарсыз деп ойлаймын. Көп сөйлемей бірден тақырыпқа көшейін.

Өзімізге керек суретті фоннан ажыратып алудың жалпы өзім білетін төрт әдісі бар:

  • Біріншісі ерекшелеу құралдарымен ерекшелеп алып, басқа суретке алып бару.
  • Екіншісі суретті толығымен басқа суреттерге алып барып қажет емес бөліктерін кетіру қию.

  • Үшіншісі суреттің керек емес жерлерін маска арқылы жасыру, каналдармен бірдеңелер былықтырып, фоннан ажырату.

  • Және төртіншісі ол векторлы формалар мен сызықтар салу құралдарымен векторлы форма салып, оны ерекшелеу обласына айналдыру.


Ерекшелеу құралдарын пайдалану (инструменты выделения)

1. Қарапайым төртбұрышты және шеңбер етіп ерекшелеп алу құралдары.
Тікбұрышты облыс (Rectangular Marquee), Shift+M;
Эллипс типті облыс (Elliptical Marquee), Shift+M;

Бұл құралдар суретті төртбұрышты немесе шеңбер етіп ерекшелеп алуға мүмкіндік береді.
Былай видеомен көрсетіп жіберейін.





2. Лассо құралдарымен ерекшелеп алу
Лассо (Lasso), Shift+L;
Көпбұрышты лассо (Polygonal Lasso), Shift+L;
Магнитті лассо (Magnetic Lasso), Shift+L.

Бұлардың несін айтайын, лассо как лассо, видеомен көрсетейін.



Көпбұрышты және магнитті лассо құралымен ерекшелеген кезде артық нүктелер салынып кетсе Delete пернесін басу арқылы кетіреміз.

3. Сиқырлы таяқ құралы (: және тез ерекшелеу құралы.

Сиқырлы таяғымыз онша сиқырлы емес, ол құрал біртүсті аумақты тез ерекшелеп беруге мүмкіндік береді.
Тез ерекшелеу құралы да сол принциппен жұмыс жасайдыү




Суретті қию, кетіру арқылы фоннан ажыратып алу.
Бұл әдіс тек кетіргіш (өшіргіш) құралымен жүзеге асырылады




Маска, канал арқылы суретті фоннан ажыратып алу
Суретті фоннан ажыратып алудың бұл түрі, суретке қосымша маска салып, керек емес бөлігін маскамен жасыру арқылы жүзеге асырылады, бұл әдіс, қара мен ақ түспен бояй алатын құралдармен жүзеге асырылады.

Олар:
Кисть (Brush), Shift+B;
Градиент (Gradient), Shift+G;
Бояуы бар шелек (Paint Bucket), Shift+G.




Канал арқылы суретті қию қиындау, оған бөлек пост арнармын.

Векторлы форма, сықыз салу құралдарын қолданып қию.
Ерекшелеудің бұл түрі бірінші әдіске ұқсас, бірақ бұл әдісте бірінші векторлы линия, форма салып алып, содан кейін оны ерекшелеуге аударып алыу арқылы жүзеге асырылады.

Перо (Pen), Shift+P;
Дөңгелектенген тікбұрыш (Rounded Rectangle), Shift+U;
Эллипс (ellipse), Shift+U;
Көпбұрыш (Polygon), Shift+U;
Түзу (Line), Shift+U;
Қолданушы формасы (Custom Shape), Shift+U.







Бары осы, бұл сабақтан кейін сіз суретті қиюдың біршама әдісін үйреніп алып, енді «Жаз бен жағажай» байқауына ат салысып өз үлесіңізді қосасыз деген үміттемін. Алға!

пы\сы: Бұл байқауда Манас, Қырмызы, Көркем, Әлішер, Сағыныш, Сәндібек, Нұржол, Сүндет,Қыдыр және т.б. қолданушылардың қатысуын күтемін.

пы\пы\сы: Суреттерді қиғанда қисық кеткен жерлері үшін кешірім сұраймын. видео ұзақ болып кетпес үшін тез тез қиып едім.

26 пікір

qyrmyzy
Рахмет, Күнім! Қатысуға тырысам.
pana
Фотошопты қалай ашып, өңдеу керек суреттеріңізді қалай редактор бетіне шығаруды білетін шығарсыз деп ойлаймын.
фотошопты компыма көшіріп алуға дем бердің) рахмет!
Abylai
Қуаныштымын (:
AKA
Күшті екен, видеоларды көріп шықтым. Төртінші видеода өшіргішпен өшіргенде артындағы сурет қалай шықты? Дәл сол сияқты 5-ші видеода да артындағы сурет бірден қойыла салды. Қалғандарымен таныс сияқтымын, корелдан көргем. :))
Korkem
артындағы сурет бөлек слойда тұрғандықтан шығады, яғни сол слойды таңдамаса өшпейді де таңдалған сурет қана өшіргіштің көмегімен өшеді.)))
AKA
Түсінбедім? Өшіргенде бірден көк сурет шықты ғой, сол қалай?
Abylai
Бірден емес, тез тез болғасын байқамаған шығарсың, бірінші суретті басқа суретке сүйреп алып бардым (:
Abylai
Дұрыс (:
AKA
Соңғы тізімде өзімді көре алмадым. Иәәә, дұрыс…
Abylai
Алдыңғы байқауға қатысқандарды тізіп шығып едім ұйымдастырушысымен қоса, әрине барлығыңызды күтемін байқауда.
Korkem
сенің арқаң)))
Abylai
Рахмет, иә Көркем айтқандай төртінші видеода бір суреттің үстіне екінші суретті қойдым ғо, сосын сол суретті кетіргенде астындағы фон шықты.
Korkem
тамаша, білмейтінім әлі де көп))) ризамын
Abylai
Рахмет, байқауда жұмыстарыңды күтемін ))
pari
жәрәсіз, мен негізі бұларды білемін, бірақта сол білуіме себебші болған Көркем апа және сіз Абылай аға:)))Екеулеріңізге алғысым шексіз! +1 жазбаға, сөз жоқ жазвылыпты:)
followme_alik
Кеш..... кеш үйреттің...
Жіберіп қойғам шала-пала қиылған (егер солай айтуға келсе...) туындымды. Соңғы болсын орыннан үміттеміз _)
Пайдалы пост. Пайдалы...
Abylai
Ештен кеш жақсы. екі сурет жіберуге болады депТ. Тағы бір көр
followme_alik
Аа, нептему жарияланып кеткен ананы айтасың ба…

Одан бөлек мына пост жарияланбай тұрып тағы жібергем. Всё-лимит _)))
Abylai
зыпылдаған шапшаң екенсің епті, бірдеңеден құр қалатындай зулағаның не. мейлі тағы біреуін жасап, Карленнен сұрап көр
Karlen
Тағы бір сурет жіберсең болады
followme_alik
Жібердім. Алғысым, Кәрлен _)
Karlen
Ай абылай айтқаныңнан 1 күн кешігіп жаздын ау))) Шынымен едәуір ауқымды пост жазған екенсің. Ризамын
sandibek
Рахмет. Уже жасап жіберіп қойып едім. тағы да жасап көрермін.
Ademi
бірталай жүйке, бірталай уақыт, бірталай фантазия, бірталай ынта керек мұндай жазбаға! Дегенмен қаншама елдің ықыласына бөленесіз! Еңбегіңіздің жемісін конкурста көресіз. Рахмет үлкен.
Abylai
Сізге де рахмет, қуаныштымын
Aidar
Базар жоқ (4-маусым)!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.