Растр және вектор

Соңғы кездері маған не болып жүргенін білмеймін, әйтеуір аяқталмаған, уәде берген жұмыстарымды орындап тастауға асықпын. Аид патшалығына нетіп кетейіндеп жүргеннен сау ма екенбін. Ощм сонау ақпан айында Қилызаман ағаға растр мен вектор суреттің айырмашылығы жайлы, екеуінің артықшылықтары мен кемшіліктері жайында жазамын деп айтқан екенмін де, содан есімнен шығып кетіпті. Жаңа пікірлерді оқып отырып көріп қалдым.

Ескерту, жазба мәтіні уникалды емес, интернеттен тапқан ақпаратты копи паст жасаудамын. Дереккөзге сізтеме жоқ, баяғыда компьютеріме көшіріп алған реферат болатын, қайдан алғаным есімде жоқ.

Компьютерлік графиканың түрлері

Жалпы компьютерлік кескндік ақпараттың негізгі екі түрі бар. Біріншісі растрлық және екіншісі векторлық. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену, компьютерде кескіннің сипатталуы жағынан және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.

Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.

Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).

Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).

Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.



Векторлық кескіндер, бұл — сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз — осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.



Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы — векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

Қысқасы қарапайым тілмен айтқанда растрлык кескін компьютерге жазылғанда әр пикселдері жеке жеке сипатталып, анықталып жазылады. Яғни былай. Бірінші қатардағы бірітнші пиксел түсі қара, бірінші қатардағы екінші пикселдің түсі сары,… оныншы қатардағы оныншы пикселдің түсі ақ. Осылай осылай сурет толықтай біткенше сипатталады.

Ал векторда сурет математикалық формулалар, кесінділер арқылы сипатталып жазылады. Яғни былай. Төрт бұрышты кескін, ұзындығы 10мм, ені 10мм, түсі қара.
Өздеріңіз де байқаған шығарсыз векторлы кескінді сипаттап жазу әлдеқай оңайғ әрі қысқа. Сондықтан векторлы кескіннің салмағы да жеңіл, әрі оңай маштапталады.

11 пікір

pari
Abylai
Ескерту, жазба мәтіні уникалды емес, интернеттен тапқан ақпаратты копи паст жасаудамын. Дереккөзге сізтеме жоқ, баяғыда компьютеріме көшіріп алған реферат болатын, қайдан алғаным есімде жоқ.
pari
иә оқыдым Әбеке
pari
кірпіш соткадағы жылан ойыны бар емес пе сондағы жылан жалпы ойын құрылысы растрлық графикадағы кескіннен тұрады.Әнеу күні әнеу күні болғанда 1 жыл бұрын соны анықтап қарағанмын тіпті лупамен қарағанмын сонда кішкене кішкене төрпіштілерден құралғанын көргенмін.Мәнін енді түсіндім, рысбек Әбеке +1!
AL-ASTER
Графилық қасиеттің 5 түрі бар: 1. Растрлық (Paint, Photoshop), 2. Векторлық (Corel Draw, Adobe Illustrator), 3. Үшөлшемді графика (сосын кете береді ғой ішінен 4D, 5D, 6D т.с.с, 3D Studio MAX, AutoCAD, Компас), 4. Фракталдық (фрагмент, яғни ұсақ объекттерден құралған графика түрі, мәселен архитектуралық жоба — фракталдық графика түріне жатады), 5. Символдық графика
Abylai
Жалпы негізгі екі түрін ғана жазған едім. Сосын
Фракталдық графика да формула, теңдеулерден, кесіндіден құрылмайтын ба еді, векторға ұқсас келеді.

Символдық графика? Ascii art?

(\___/)
(='.'=)
(")_(")
dimash
Аид патшалығына нетіп кетейіндеп жүргеннен сау ма екенбін.

Жазбайтының жоқ әйтеуір)) Анда-санда ол жақты да ойлап қойған дұрыс дейді ғо бірақ.
Маған берген әудені ұмытқан жоқсын ба?
Abylai
Қандай уәде? 0_o
dimash
Ойнап айтам))

былтыр осы тақырыпта ашық сабақ өткен болатын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.