Тәуелсіздік - менің бақытым


Мен өзіңнен қуат алам өз елім,
Туған жердің топырағын сеземін.
Ақындықтың ауылына бас қойып,
Арнау өлең жазар келді кезегім.

Армандар бар, айтылмаған ойлар бар,
Сөздерім бар, жазылмаған жайлар бар.
Естеліктер есте қалған бір тарих,
Күндер өтер күн артында айлар бар.

Бақытым бар егемендік сыйлаған,
Ол елбасы елімдегі сыйлы адам.
Көшбасшылар көшін бастап ілгері,
Кемеңгерлер кеңесіне иланған.

Бақытым бар егеменді елім бар,
Қойнауы бай, даласы кең жерім бар.
Асқар Алтай, Сарыарқа, Көкшетау
Жетісуым, Бурабайым белім бар.

Орталығым Ұлы Ордам Астанам,
Ел Ордасы елімдегі бас қалам.
Тәуеліздік туын тіккен кезден-ақ
Гүлдей жайнап, гүлденуін бастаған.

Қадір айтқан “қазақ” деген халқым бар,
Үлкен-кіші сыйлап өткен салтым бар.
Қазағымның қазынасы бар тілім,
Қымбат оның бәсі барлық алтыннан.

20 жылдық тәуелсіздік таңы арайлы атқалы,
20 жылдық елбасымыз талай істер атқарды.
20 жылдық 50 елдер қатарына қосылып,
Егеменді еліміздің ерте атты ақ таңы.

Сол 20 жыл еткен еңбек, төккен тер,
Тұлпарларым дүбірлетіп өткен жер.
Армандарды ақиқатқа жалғаған,
Бабаларға тағзым етпей өтпеңдер!!!
Самғат Шоңбасов

3 пікір

Moldir_96
Сөздері керемет екен! Еліміз тұғырлы, Тәуелсіздігіміз ғұмырлы болғай!
Erlan
Жақсы екен шабытты
Togzhan
Ел-жұртымыз тыныш болсын! Тамаша!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.