Туған жер, туған ауыл!!!

Туған жер, туған ауыл,
Ауылда бір жұмыс бар — суға бару.
Жау келгендей шаңдары көкке ұшады
Тұрған кезде алапат құмға дауыл.
Туған ауыл!
Көк шалғын, боз жусаны — жейделері.
Бөркінің үкісі ме жиделері?
Жымыңдап шақырады қыр басына
Сағым-қыз кездесуге күнде мені.
Содан соң аттанамын атқа мініп,
Ішімнен өлең-сезім ақтарылып.
Алдымен жұпар исі қарсы алады
Алдымнан жас қамысын қақпа қылып.
Туған жер, аяулысың, туған далам,
Өзіңе кісі бар ма шырмалмаған?
Тыңдайын әнің бар ма тыңдалмаған,
Жырлайын жерің бар ма жырланбаған.
Әр сайың ыстық маған, әр ағашың,
Ауылдың адамдары бәрі ағашым.
Арулардың бәрі де қарындастар
Отырған әжелердің бәрі анашым!
Ер болсам, елім сенер, сең бұзатын,
Шығарсам жердің атын, елдің атын.
Қай жерге барсаңдағы алдыменен
Туған жер -сенің басты төлқұжатың!

3 пікір

mairosh
Жақсы. Поэзия, менімен егіз бе едіңді сен толтырдын ау)))) Жарадың тағы))))
Umit-Umit
Тұған жерге жететін ештене жоққой. Жарайсың!!! Ду қол шапалақ…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.