Сезім

СЕЗІМ
Арпалысып ақылмен, төзімменен,
Бір сәт те дем алмайды сезім деген.
Шыр етіп жерге түскен шілдехана,
Келеді дүниені кезуменен.
Жанымды тыншытпайды сезім деген,
Қалай жүр, япырау, төзіп денем?!
Қаншама күндер өтті дамылдамай,
Қаншама түндер өтті көз ілмеген,
Білмеймін, не іздейді сезім менен?!
Белгілі шегі де жоқ, жоқ тұрағы,
Белгісіз, қайда апарып соқтырары.
He, сезім, мені бір күн от қылады,
He, сезім,мені бір күн жоқ қылады!..
Қаншама көлденеңнен өтті қарғып,
Әлемге әмір беріп, етті жарлық.
Ғаламдық заңдылықты мойындамай,
Жүргені, барды жоқ қып.
Жоқты бар ғып.
… Адамның сезімінен сезіктенбе,
Сезімді сезіне біл, төзіп, көн де.
Ақыл менен парасат бұғынады,
Шынайы шын сезімге кезіккенде…

авторы: Мұқағали Мақатаев

15 пікір

Jako
Қайран Мұхаң-айІ
madlen
Қайран? Неге?
Jako
20-ғсырдың өзінде ақ қазіргі 21-ғасырдаың сөзін айтып кеткен саңылақ емес пе,қайран қалмағанда нетемін.
KILYZAMAN
Адамның сезімінен сезіктенбе,
Сезімді сезіне біл, төзіп, көн де.
Ақыл менен парасат бұғынады,
Шынайы шын сезімге кезіккенде
— Буырқанған сезім сарынын дестелеп-дестелеп жіберіп әдеміііі кесте жасаудың шебері ғой Мұқа ағамыз…
Moldir_96
Дұрыс айтасыз!
Qarakerey
өткен жолы ғой дейм, осы Мұқағалиді көрдім автобуста. Тура суреттегідей екен, сәлемдесіп ем, естімей қалды. Қолында блокнот па бірдеме бар. Абая-Правдадан түсті. Жақсы аға екні көзінен көрінед.
Jako
Кетші не дейді, көкек! 40-жыл бұрын жазған коммент емес па мынауың?
Qarakerey
а? сонда Мұқағалй деген кісі қайтыс бокеткен бе сонда?
Jako
Ха-ха-ха,қатырасыс ағай!
Qarakerey
mamma mia, agayin ne i?
Jako
қатырасыс ағай!
Тамашадағы қыршаңқы сөз ғой.
Moldir_96
Қаракерей!) Сіз қателескен боларсыз...) мүмкін Мұқағали атамызға ұқсас адамды кезіктірген шығарсыз) Ол кісі өкінішке орай қазір арамызда жоқ...(
Qarakerey
иә, инеттен көрдім 1975 жылы қайтыс бокеткен екен, сонда мен кімді көрдім а? Аумаған сол! Қызық… Еще қолында блокноты бар.
Moldir_96
иә, атамыз бірнеше жыл бұрын көз жұмған...( Бәлкім Мұқағали атамызға ұқсас жанды жолықтырған шығарсыз?!))
Baha_07
Мүмкін Мұқағали елесін көрген болар)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.