Оразалы ағама

Сенің үнің басқа еді ғой, басқа мұң,
Жанарыңмен жаудың бәрін жасқадың.
«Дүниеге келе салып әу баста
Тасқа қашалған дастаным.»

Толғауың тарау, мақамың мұңлы асылым,
Тамшысы ма едің тағдырдың ыстық жасының.
Сені ғана тербететін әлдилеп
Келе жатыр сенің сұлу ғасырың.

Сені жоқтап жатыр қала, дала да,
Сені іздеп жатыр бала, ана да.
Аракідік намазымның соңында
Саған дұға жасап қоям, жан аға.

8 пікір

VVVWWW
Дүниеге келе салып әу баста
Тасқа қашалған дастаным.
Осыны оқығаннан кейін аржағын оқи алмадым
Bagashar
Ораздың өз сөзі ғой
VVVWWW
Ия… білмем ғой
Bagashar
Кеше Бақыт аға екеуіміз басына барып қайттық! тыныш жатыр ғой. астында не боп жатыр екен? Алланың мейірімі болсын дейміз. бүгін еске алу кеші болды
VVVWWW
Жаны жәнәтта болғай
mairosh
Иманды болсын
MSHERIMBEK
Пай-пааай, от еді ғой:((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.