Қыздың жанын ұққың келсе, Фаризаны оқы



Қыз сыры
Жігіттердің жүрегін
ұрлай бергім келмейді.
Сүйдім деген тілегін
тыңдай бергім келмейді.

Кез келгенін ғашық қып,
әлек еткім келмейді.
Аз күндік жай машық қып
және де өткім келмейді.

Алғашқы арман-тілекті
шетке ысырғым келмейді.
Бірді сүйген жүректі
көпке ұсынғым келмейді.

Фариза Оңғарсынова, 1959 ж

19 пікір

mairosh
Жігіттердің жүрегін 
 ұрлай бергім келмейді.

Алғашқы арман-тілекті 
 шетке ысырғым келмейді. 
 Бірді сүйген жүректі 
 көпке ұсынғым келмейді.
мына сөздірі өрт! Очм барлық сөздерінде шындық бар. Керемет, Ғажап; супер, вери гуд, әдемі ))))
qyrmyzy
Қаншалықты қате жазсаң да, сенің пікірлеріңді міндетті түрде оқиды екем:)
mairosh
уахахах кешір мені қателіктерім үшін. Мен клавишке қарамай жазуды үйреніп жүр едім))) Мына сөздер маған қолдау болды))))рахмет
qyrmyzy
Шындығымды айттым
qyrmyzy
Жігіттердің жүрегін
ұрлай бергім келмейді.

Бірді сүйген жүректі
көпке ұсынғым келмейді.
расымен. Бір-ақ рет ғашық болдым. Бір-ақ рет бір жігіт ұнады. Бір-ақ жігіт өмірлік махаббатым деп ойлаймын.
mairosh
<code>Бір-ақ рет бір жігіт ұнады. Бір-ақ жігіт өмірлік махаббатым деп ойлаймын.</code>
өртедің ғой! Ол кешке келсе бір аунап түседі)) Ех ғашықтық жыр ешқашан таусылмайды ғой таусылмайды!!!
pana
сеніміңіз тағдырыңызға айналсын!
qyrmyzy
Айтқаныңыз келсін!
VVVWWW
Ия… ол Фариза ғой!
Korkem
Жігіттерге әсер етер десем, қыздарымыз құлап жатыр ғой, ойбууу
m170785
Фаризажан, Фариза…
Delfina
Жігіттердің жүрегін
ұрлай бергім келеді.
Сүйдім деген тілегін
тыңдай бергім келеді.

Кез келгенін ғашық қып,
әлек еткім келеді.
Аз күндік жай машық қып
және де өткім келеді.

осындай арманы бар қыздар көп…
Korkem
Фаризаның жазғандарының бәрі бүткіл қыздың жүрегінен шыққандай.
AKA
Менікінен шыққан жоқ, бүкіл қыздың жүрегі үшін жауап бермегейсіз…
Korkem
шыққандай

именно АКА деп жазып қоймаған шығармын енД
AKA
Енді АКА қыздар қатарына кірмей ме сонда?! Қызық адамдар…
Korkem
бас тартса тізімнен жойылып кетет))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.