Қыз қылықтым

Қыз қылықтым…
Өзіңе құштар болсын жүз құлық тым.
Сен жайнаған құлпыртып көктемімді,
Малып ап сары мұңға күз қылыппын.

Қимадым сені қалқам назға, сірә,
Сеніп қап сезімімнің азбасына.
Біздерге бұйырмаған балғын сәттер,
Әр ғашықтың жанында маздасын,ә?!

Жүрмей кеткен бақтардан, күлмей кеткем,
Сенемісін мен сені білмей кеткем.
Қыз сезімі тығылған кірпігінде,
Енді міне қадалып үндейді өктем.

Басқа бәрі, басқаша таң да атыпты.
Бақ құсым басқа бақта самға мықты.
Бақытты бақытсыздық деп ұққаным.
Батады екен күн сайын жанға тіпті.

Ұмытпан ұлы сезім ұлықты тым,
Ұлылыққа бар арын бұрыпты кім?!
Сен баққытты болғанда байқалады,
Менің де сен секілді тұнықтығым.

6 пікір

yesbolat83
Ооо, Мәулен бауырым. Сенің қаламыңнан дарыған өлеңдер қашан да адамның өне бойын шымырлатып ерекше бір ықыласпен оқытуға бұйрық беп тұратын тамаша дүниелер ғой. Бұл жолы да солай.
Жиі-жиі ат басын бұрып тұруды да жадыңнан шығарма осы ауылға.
maulen
Есболат аға, әрине ескерусіз қалдырмауға тырысамын ғой! Жарытып жазба мен пікір жазбасам да, қонақ боп келіп жаңалықтарыңызды үзбей қарап отыратын ауылдарымның бірі ғой!
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.