Кешір мені.

Өкінішті, сен менің көрмедің жайдары шағымды. Сен мені білмедің ақ көңіл кезімде. Тыңдаумен өтті бітпейтін зарымды күндерің. Кешірші… Тек бәрі есімде, сол себеп қабағым ашылмай қойғаны.
Сол себеп мен сені байқамай жүріппін. Беріліп қиялға, арманға ойдағы. Мен сені абайсыз шошыттым, үркіттім. Кешірші. Тағы да қайғылы әнім бұл. Тек мені жіберме жаныңнан, жалынам.Сағымы өткеннің жадымда қаңғып жүр, кірпігім қайтадан жасыма малынған.Сүйем де, сендірші, сездірші тағы да.Үмітті жандыршы лаулатып қайтадан. Kешірші. Кезіктің жүрексіз қалғанда.Бір жүрек жасап бер, жасап бер сай маған! Сосын сен көресің, бола алам бақытты. Сонда сен сезесің алауын жанымның.Жүрекке қосып бер шамалы уақытты. Үмітім бір өзің, өтіндім, жалындым…

1 пікір

Aspan
Кешір мені жаныммм,
Сезіміңді алдадым...
Жігіттер квартеті
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.