↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
09 маусым 2012

Қойын дәптерден...

Қойын дәптерімді ақтарып отырсам, кішкене жиналып қалыпты. Аз болса да көптей көргейсіздер!

Қалай айттың ұмытшы деп
Қалай сені ұмытармын.
Кеткен сәтте суып жүрек
Жаным сенен үміт алдым.

Ойлай берсем ой терең-ді
Кінәлайсың текке неге
Осындаймын қайтем енді
Өтінемін өкпелеме…

****
Күз келді. Қалаға күз келді,
Күзбенен ілесіп сыз келді.
Сарғайған ағаштар мұңымен
Шығарып салуда біздерді.

****
Бүгін өтер ертеңмен
Жүрек қалар өртенген

****
Сары мұңға малындым
Сары алаумын. Жалынмын
Сары күзде сол күнгі
Сары қызды сағындым

****
Түсінсең ғой, досым менің, ортағым
Өмірімді былайша кеп жортамын
Қарап тұрып, ағаштарға мұң артқан
Күзбен бірге өлем бе деп қорқамын…
?

Пікірлер:6

  • qyrmyzy
  • 09 маусым 2012, 07:09
  • 0
Ұмыттың ба сомен?
  • Manas
  • 09 маусым 2012, 12:34
  • 0
Түсінсең ғой, досым менің, ортағым
Өмірімді былайша кеп жортамын
Қарап тұрып, ағаштарға мұң артқан
Күзбен бірге өлем бе деп қорқамын…
ЖЫНДЫ ЕКЕН МЫНА ШУМАҚ
  • saya
  • 09 маусым 2012, 14:38
  • +2
Бүгін өтер ертеңмен
мынаны жаттап алдым, осыны айту үшін көп сөзді пайдаланып кетем кейде
  • balgalym
  • 09 маусым 2012, 19:10
  • 0
ең қысқасында көп ой-сезім бар екен :)
avatar
  • Ademi
  • 09 маусым 2012, 19:17
  • 0
Өмір-өзен ағады...©
avatar
  • AiEcPi
  • 09 маусым 2012, 20:23
  • 0
Сары мұңға малындым
Сары алаумын. Жалынмын
Сары күзде сол күнгі
Сары қызды сағындым — осы жолдар көңілімнен шықты, жақсы шығарады екенсің Данчо, тағы да осындай жақсы шумақтар күтеміз!!!
Пікір 2021-06-09 20:23:34 күні AiEcPi тарапынан түзетілді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.