Мен және ол

Сіздерге ұнайтынына сенімдімін
Мен –ойлаймын, ол – ойламайды… мен — әрбір минутында тәуліктің сол адам туралы, ол – іздейді деп мені.

Мен –аңсаймын, ол – аңсамайды… мен – бірге атқызсақ деп арайлы таңдардың бірін, ол – қайталанса деп сол алғашқы тәтті кездесу.

Мен – күтем, ол – күтпейді… мен – кездесуді ләззат сыйлайтын, ол – хаттарымды өзінен басқаға арналмайтын.

Мен – сенем, ол – сенбейді… мен – хабарсыз кетпесіне, ол – мендегі сезімнің шынайылығына.

Мен –сағынам, ол – сағынбайды… мен – құшағын ыстық, ол – еріндерімді тек өзін аймалауға дайын тұрған.

Мен – іздеймін, ол – іздемейді… мен – жылулығын өзіме деген, ол – арманшыл қызды түндерде қиялға берілетін.

Мен –ызаланам, ол – ызаланбайды… мен – сезіміне ерік бере алмады деп, ол – арамыздағы кедергілердің көптігіне.

Мен ашуға берілем, ол – ашуланбайды… мен – сонша немқұрайлы қарайтынына маған, ол – телефонды тастай салғанымда да.

Мен – жақсы көрем, ол – жақсы көрмейді… мен – әрбір қылығын өзінің, ол – сабырсыздықты мендегі.

Мен –сүйем, ол – сүймейді… мен – салмақты үнін, ол – өзін тағатсыздана күтіп жүрген аруды.

Мен – күлем, ол – күлмейді… мен – есіме алсам баладай аңғалдығын, ол – табиғатынан салмақты мінез иесі болғандықтан.

Мен – тырысам, ол – тырыспайды… мен – бүгінгі барыммен өлшеуге бақытымның мөлшерін, ол – азғана қуаныш сыйлауға маған.

Мен – таң қалмаймын, ол – таңданады… мен – ғашық болғаныма ессіз мықты ерге, ол – таңдауымның өзіне түскеніне.

Мен – алаңдаймын, ол – алаңдамайды… мен – алыстап кетер деп онсыз да қолым жетпей жүргенде, ол – кездесер деп бір сері жігіт алдынан.

Мен – қиялдаймын, ол – қиялға берілмейді… мен – түндерде ұзақ өзін ойлаумен ғана, ол – жүрсек деп қол ұстаса әдемі кештерде.

Мен — күрсінем, ол — күрсінбейді… мен — тымырайып өзінен бір хабар әкелмеген үнсіз телефоныма қарап, ол — уақыттың бізге қарайласпағанын ойлап.

Мен – білем, ол – білмейді… мен – мойындамайтынын оянса да сезімі маған деген, ол – өзгеге мойын бұра алмай жүргенімді өзін кездестіргелі, сыйлаған гүліне сан рет қарап сыр айтып.

Мен — жазам, ол — жазбайды… мен — ойларымды әр кездегі том-том қылып, ол — мені қуантатын бір смс.

Мен – айтам, ол – айтпайды… мен – сағынатынымды өзін сол сәт жанымда отырса да, ол – аңсары ауса да бір кез көргісі келіп мені.

Мен – тыңдаймын, ол – тыңдамайды… мен – өз жүрегімнің үнін, ол — өзіндегі жүректі, ақылға жүгініп тек қана.

Мен – жылаймын, ол – жыламайды… мен – үмітсіз келер таңыма налып, ол –… еркек болғасын!

22 пікір

demek, bir-birlerine saikes kelmidi ekensinder)))
бұл шығарма негізінен Маржан Сұлтанбаеваныңкі жүрегіме ыстық болды. Әрине, дәл таптыңыз бір-бірімізге сай емеспіз, Маржанда бір-бірлеріне сай емес екен.
AL-ASTER
Өмір, неткен қатал едің?!
Айтпаңыз, қатал тағдыр сілкілеп, мың сынады-ау бізді
AL-ASTER
қатал тағдыр

Әлбетте. Бұлай деп айту, алпыстағы Әбдірашқа ғана жарасқан деуші ед, қарт ақын кетерінде © Құсық Тағдыр фантастикалық шығармасынан үзінді
qyrmyzy
ой, епті! Шығармайтының жоқ
pari
Мен және ол деген жазбаң екі рет жазылып кетіпті біреуін өшірсең
ал оны қалай өшіреді?
pari
жазбаңа кіріп өшіру дегенді бас немесе админдерге айтсаңда болады
Sabions
әзер оқыдым ғо… бір жолын 2 рет оқып…
balgalym
шынымен де, сөздері қиын екен
pana
смс-ты неге жақсы көрмейсіңдер, жігіттер?
balgalym
жақсы көретін адамдардан келсе, жақсы көреміз…
qyrmyzy
ал жақсы көретін адамдарымызға жазбаймыз бірақ деп қойшиш
qyrmyzy
охх, мазалайтын сұрақтардың бірі!
Jako
Әй, ақымақ қыздар-ай!
Иә, қыздар сезімге берілгеш келеді ғой))))
Korkem
көпке топырақ шашпас болар
pari
Ұжыс мына өлеңнің бір жолының өзі ұзақ екен,,
өлең демеспін- ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМА
pari
солай дұрыс болатын сияқты
qyrmyzy
Бір оқығанда түсініксіз, бірақ шындық андағылар. Қыздар өздеріне көп алады, мойындаймын. Құрылысы ерекше. мені қуантатын бір смс.©
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.