Бала Жамбыл

Сәлем Айтаберліктер
Интернет әлімін кезіп жүріп жас ақын, 50тарта өлең жазып тастаған 8 жастағы, Жамбыл Дүйсеновке таңдандым. Тіпті оқыған өлеңдерінен жүрегім елжіреп кетті.

Ал олай болса бір өлеңін оқып, тыңдай отырыңыздар

Мен — қазақпын

Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Мақтанамын анам туған тіліммен.
Дүниеге жар саламын айқайлап,
Сәби жүрек пәк періште үніммен.

Мен — қазақпын, ұлылардың көзімін,
Абай, Мұхтар, Баукеңдердің сөзімін.
Жеткіземін жауқазындай жырыммен,
Жұбан, Мағжан, Сәкендердің сезімін.

Мен — қазақпын, мен — ұлтымның ұлымын,
Мұқағали, Мұқтарлардың жырымын.
Басқа жанға бас имейтін тәңірден,
Мен азатпын, бір Алланың құлымын.

Мен — қазақпын, жатты бауыр көремін,
Қолда барды қонағыма беремін.
Пенделікті пейіліме жеңдіріп,
Ертеңіме еш алаңсыз сенемін.

Мен — қазақпын, алдаспандай өткірмін,
Елім десем, келмес қарап тек тұрғым.
Өкінемін өгейсітіп өз тілін,
Өзге тілде шүлдірлесе көп құрбым.

Мен — қазақпын, шындық менің ұраным,
Шындықты мен алашым деп ұғамын.
Тілім, жерім, елім дейтін еңіреп,
Ертең мен де ата жолын қуамын.

Қазақпын мен, пір тұтамын тілімді,
Қара нар боп көтеремін жүгіңді.
«Қазағым» деп қарс айырылған жүрегі,
Бала Жамбыл — мен боламын бүгінгі!

сурет www.infoportal.kz сайтынан алынды

11 пікір

Qarabala_95
Эх тамаша! Айтаберде керемет ақындар табыла жатар!!!
kema
Aitaberdin akyndary bir tobe goi, al Zhambyldyn ozi men ushin bir tobe))))
Qarabala_95
Ақын болу арманғой!!!
pana
жаңалық көрмеймін, осындай кішкентайлардың керемет болып өсіп келе жатқанын оқыған әлдеқайда жағымды!
Jako
Мен — қазақпын, жатты бауыр көремін,
Қолда барды қонағыма беремін.

8 жасар баланың ұғымына келіңкіремейтін, орта жастағылардың өзі ойланып айтатын сөздер сияқты.
8 жастағы Жамбыл осыма
AKA
Таныс, бұл жігіттің білуімше шығармашылық кеші де өткен, сонымен қатар құрмет сыйлығымен марапатталған.
Begimzhan
Керемет! Жамбыл есімімен сырттай таныспын. Бұл жігіттің өзі де рас, сөзі де рас. Бір мүшайрада қазылардың бірі жаттап алғансың деп күмән келтіргенде, бір шумақ өлеңмен жауап қайтарып, қазының аузына құм қиғанын ТВ жаңалықтарынан естіп едім. Жас ақынның өмірі ұзақ, халқына берері көп болсын!
Qarabala_95
ol oleni bilai bolatin adil kazilar minalardi ozin wigarmadin senbizmiz degende 1-2 min turip kalgan eken sodan kein barip
Adilkazi otirma magan senbi,
Olen dese esemin samal jeldei.
Bala Jambil ekenim ras bolsa,
Ketpimin bas baigeni bugin jenbei.

dep aitipti osilai kum kuigan eken!!!
dastiw
вундеркинд))
followme_alik
Талант екен деп балалық шағынан айырмаса игі. Міне, азамат. (:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.