Табиғат ана


Табиғат анам!
Сұлулықтың белгісі
Өміріміз табиғатпен бірлесті,
Жүрек нұры!
Күн шуақпен жылынып,
Баршаға бақытымен бөлісті…
Самал жел!
Сылдыр күліп үнімен,
Баласын ақ бесікте тербетті.
Мөлдір су!
Сарқырап ағып бұлағымен,
Тіршіліктің көзі болып келісті.
Туған жер,
Жасыл бақ,
Арай тауым…
Табиғаттың кереметі емес пе?!
Жазы әсем,
Таң атқанда құс сайрайды.
Қысы сұлу,
Маужыраған қар жауады.
Күзі сымбат!
Алтын кілем жамылып,
Көктем жайнап,
Келгенінде көзді алады.
Табиғаттын төрт мезгілі тамаша,
Бәрімізді еркелетті балаша.
Қараңдаршы қандай әсем айнала,
Көз алады табиғатпен байлана.
Біз адамдар анамызды қорғайық,
Жүрегіне мәңгі қуаныш сыйлайық!!!

Култешова Бағжан

2 пікір

torpedaip
Өте керемет, сөздері де, суреті де. суретінен ақ белгілі табиғат анаға деген ыстық махаббат!
bakosi
Рахмет жылы пікірініз үшін!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.