Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен?

He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен,
He пайда дәтке қуат бекінгеннен,
Алайда, емханада көз жұмғаннан,
Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген.
Құрбан ғып жастығымды, жас ғұмырды,
Жауымнан жасыра алмай қастығымды.
Жанымды аямаған жауларымнан,
Ала жатар едім ғой жастығымды.
Өкінбен, мұңайман да, өксімеймін,
Өмірім, осылай-ақ өтші мейлің.
Алайда, аласапыран тіршіліктің,
Алдында күресе алмай тек сілейдім!
Күнін керіп жүргем жоқ жетім құлдың,
Бірақта не бітірдім, не тындырдым.
Шөп жинаған ініне суырдайын,
Әйтеуір тіршілікке бетім бұрдым.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым өлімдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім!
Туған жер сағындырды, келді есіме,
Өзім кепіл енді оны көрмесіме.
Тағыдай тауда өскен тарлан едім,
Таңылдым емхананың бөлмесіне.
Кім кепілдік береді өлмесіме!
О, дәурен, неткен ғажап сүйікті еді!
Жайылған жасыл маңда киіктері.
Отырған оңашада, биіктегі,
Таңғы самал жататын сүйіп мені.
Ойнатып омырауда таң самалын,
Мен алғаш шыққан күнді қарсы аламын.
Мәңгілік сол биікте қалып қоймай,
Несіне бұл тірлікті аңсағамын?!
Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?!
He деген жел айдаған көбелекпін.
Еркіндік, еркелікті місе тұтпай,
Тасқа әкеп өзімді-өзім шегелеппін…

Авторы: Мұқағали Мақатаев

14 пікір

Korkem
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім!
Moldir_96
Эээээх… иа!) Мұқағали атамыз — сөнбес сәуле ғой!)
beko
Әбдішүкір атам айтушы еді, осы Мұқағали Мақатаев жайында. Соның бірі құлағымда қалып кеткені, "Өмір өзен, ағады да кетеді" деген Мұқағали ағамыздың сөздері еді…
Moldir_96
Иә..."Өмір өзен, ағады да кетеді". Жақсы айтылған…
kaz007
келісесіздерма білмейм "өмір — ережесіз ойын" барлығы жеңуге ұмтылады, жеңілгендер орнын босатады
Moldir_96
Келісуге болады.
MSHERIMBEK
Негізі, Мөлдірмен жақындау танысқыыым кеп жүр ше:)
Korkem
Оның ақын болмағаны өкінішті)))
AL-ASTER
Ақынның өз даусы ма, кім айтад?

qyrmyzy
меніңше, өз даусы. Алтын қорда сақталған шығар
Moldir_96
Иә, өз даусы)
AL-ASTER
Бұл кісі орыс классиктерін көп оқыған ақын дейді ғой, бірақ қазіргі қазақша сөйлейтін акценттен шамалы айырмашылығы бар сияқты.
dimash
Осыны мен телефоныма жазып алып үнемі тыңдап жүргендіктеп жаттап та алыппын,
«Мұқағалидің қай өлеңін білесін?»- деп біреу сұрап қалуы да мүмкін ғой, сол кезде ауыз аша алмай тұрмай әр адам осы ақынның кем дегенде бір өленін жатқа білуі керек.
m170785
Мөлдіржан Тамаша екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.