Махаббат жырларынан үзінді(папури)

Мен де сүйдім ғашық болдым көзіне,
Күлкісіне, дауысына сөзіне.
Күймегеннің тірлігіне не шара,
Сүймегеннің өз обалы өзіне.

Мен де сүйдім, сүю бақыт білгенім,
Сүйе білген жүректермен біргемін.
Өмір бойы әуреленіп келемін,
Өмір бойы азабына төземін.

Мен де сүйдім, ғашық болдым мөлдіреп,
Езілді ғой ет жүрегім елжіреп.
Кім деп соғып тұр екен а, сол жүрек?
Кім деп соғып тынар екен соңғы рет?
*********
Ойлай, ойлай ойларға сиа алмадым,
Мен сені ұнатпаймын сүйем жаным.
Ерте неге еркелеп ескертпедің,
Кілт ұстаған жүректе иең барын.
*********
Неге керек өмірді жеке сүру,
Жеке жүрсең тәттіні етесің у.
Қол ұстасып бір жүрейік, судай тасып,
Сүйгендерге дүние өте сұлу.
*******
Автор: Қалибек Дерібсалдин
Қосылып жағада тал билегнеде,
Тақалып ерніңе ернім тимегнеде
Асылым аппақ мүсін саған ұқсап,
Шомылды алтын ай кеп Шилі өзенге.
қ\сы
Айлы түнім арман едің,
Ардағыма жалға менің
Арманымай жалға менің
Ардағым ай Арманымай жалға менің

Өзендей ай шомылған мендірілдеп,
Қымтадың етегіңді сен күлімдеп.
Ойнайды қайта-қайта көйлегіңмен,
Аймалап менен бұрын жел жүгірмек.

Ерніңе балқып ернім жанасқанда,
Дегенде алыстама ей жасқан ба.
Көзімді қайта ашқанда мен күлімдеп,
Кетіпті көтеріліп айда аспанға.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.