Поэзия деген не десең?

Ішсең сусын, басар шөл.
Жырларына көңіл бөл.
Поэзия деген не десең?
Мұқағалиді оқып көр.

Өлеңін де мұңда бар.
Айтылмаған сырда бар.
Ырғағы бейне толқындай
Кейде қайғы, кейде бал.

Оқысаң егер жырларын
Байқалар ыстық бір жалын.
Өмірге әсер ететін,
Сезесің жырдың салмағын.

Сезімге кіріп балқисың
Қиялмен көкте қалқисың.
Мұқағалиді оқысаң,
Көңілің көктеп шалқисың.

Жырлары бейне асқар бел
Самалды шалқып терең көл.
Поэзия деген не десең?
Мұқағалиді оқып көр.

6 пікір

Manas
Bagashar мырзаның өлеңіндей)))керемет))
Kan
түсінбедім кім мырзаның өлеңіндей?
qyrmyzy
ық ық, әбден мүмкін. Абай атамызды кинорежиссер деп жүрген соң…
Kan
кешіріңіз түсінбедім әлденені дұрыс жазбадым ба? Абайды кинорежиссер деген кім?
Kan
Қалай сонда Мұқағали деген тым дөрекі, жалаң естіле ма? қалай өзгертейін?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.