Жұлдызды Махаббатым!!!

Жылайды түн Жұлдыздардан мұң кешіп,
Үнсіз бірақ алалмайды үндесіп
Ай жарығын қызғанады өзгеден,
Амалы жоқ жұлдыздармен тілдесіп

Көп қараймын жұлдыздарға қызығып,
Ағып түсіп жатады кеп үзіліп
Менің сірә сағынышым секілді,
Неге олар тұрмайды екен тізіліп

Бұлыт басқан көңіліңнің аспанын,
Мекеніңді менсіз тағы тастадың
Мені мұңға кезіктіріп қояды,
Сенің мынау мөлдіреген жастарың

Көру үшін жұлдыз біткен аспанды,
Ана жұлдыз ағып түсіп тасталды
Өзге жұлдыз орнын басып орнығып,
Белгісіз бір бейне болып басталды

Жатқа біткен жүрек сынды көктемді,
Желпіп жатқан жан қайғымды өткерді
Аспан жаққа көп қараймын амалсыз,
Еске аламын жұлдыздармен өткенді

Кезіктіріп қойса бізді мұңды аспан,
Сағыныштан жазылады мың дастан
Менің жаным мұңайып жүр тағыда,
Өзге емес тек жұлдызбен сырласқан автор АРМАН БИІМБЕТОВ

4 пікір

Ais_97
Жақсы өлең екен! Жарайсың Арман!
tts_arman_tts
Ұнап жатса Ақынның ең басты жетістігі сол Рахмет
Ais_97
Оқасы жоқ Арман!
Kan
Жанымау болашағы жарқын ақынсымақ інімау жақсы сезім қуыпсың бірақ ұйқас қуам деп аз маз мағнасын нақты қоялмағансың. мысалы:
Жатқа біткен жүрек сынды көктемді,
Желпіп жатқан жан қайғымды өткерді — деген сиякты өлең жолдарын түсіндіріп берші. жалпы қаблетің бар, керемет әттең нақты мағнасын ашсаңғой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.