Ақын дерем мен кімді

Ақын дерем…

Ақын дерем мен кімді, ақын дерем,
Ақылы асыл кемеңгер ойы терең.
Қор болды-ау шабытсыз ақындардан
Арзан сөзбен өрілген қайран өлең.

Ақын дерем мен күнді ақын дерем,
Барша адамға жылуын сезіндерген.
Қараңғыны сейілтіп жарқ ететін
Ақын дерем мен күнді ақын дерем.

Ақын дерем мен түнді ақын дерем,
Жан баласы тамсанып көз ілмеген.
Сырға толы тұңғиық түнгі аспанның
Жымыңдаған жұлдыздар сырын білем.

Ақын дерем мен айды ақын дерем,
Ай сәулесі су бетінде дірілдеген.
Күнге ғашық айдың сезімдері
Талай ғасыр мың жүректі тілімдеген.

Ақын дерем даланы ақын дерем,
Қызығып дала гүлін менде терем.
Қамыс гулеп, су сылдырлап қайран дала
Ақындықтың шабыты сенде дерем.

Ақын дерем даланы ақын дерем,
Құстар шулап көктемі күлімдеген.
Тал шайқалып, тайлары кісінеген
Тұнып тұрған даланың өзі өлең.

Ақын дерем даланы ақын дерем,
Дала үнін неліктен шексіз сүйем.
Ақындықтың үнімен үндесетін
Жыр маржаны табиғат саған сенем.

1 пікір

tts_arman_tts
Мына өлеңді керемет деп айталмаим.Қор болды-ау шабытсыз ақындардан
Арзан сөзбен өрілген қайран өлең.Мына сөз осы өлеңге тікелей қатысты, Арине ұйқас қумағасын бірақ Өлең асерлі болу керек менің ойымша,Қысқасы Шабытың шарықтай берсін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.