Буыршын мұзға тайған күн...
(Қайрат Рысқұлбековтың атынан)
Шындық бар ғой,
ол аз десең, Құдай бар,
Арсыз соттың арқасында жын ойнар!
Желтоқсанда Ай туады солынан…
Желтоқсанда Айға қарап жылайды Ар…
Айға қарап
Ар жылайды, жыласын,
Жұмыр басты жұдырықтап ұрасың!
Жер қозғалса, қозғалмайтын мінезім,
Ел қозғалса, енді қалай шыдасын?!
Темір тордың алдында,
Теңдік сұрап тұрмас мәңгі жан мына!
«Отыз жеті» ойран қылған қазақты,
«Сексен алты» сергелдеңге салды ма?!
Желтоқсан деген бұл айда,
Желкілдеген туым жерге құлай ма?!
Шындық бар ма?!
Шыныңды айтшы, ей, Дүние,
Ол жоқ болса, жоқ қой онда Құдай да!
Ләззаттардың шашын жұлдың, Желтоқсан,
Ерболдардың басын жұлдың, Желтоқсан!
Құтырынған иттей көзі қанталап,
Құл-құтанды басындырдың, Желтоқсан!
Елім үшін…
Еркек тоқты ─ құрбандық,
Құрбан болар құным жоқ па бір малдық?!
Өмір деген ─ өрмекшінің торына
Шыбын жанды шырқыратып, шырмалдық.
Батырлардың басы кетсе шабылып,
Ақындардың жүректері жарылып!
Елім менің, енді қайтіп күн көрер,
Кремльге бағынып,
Күн-көсемге табынып?!
«Жаумен бірге құрысын ─ деп, ─ жауыздық!»,
Қар бетіне көздің жасын тамыздық.
Мұздай суық ─ дүниенің үстіне,
Оттай ыстық ─ қанымызды ағыздық…
Темір есік тесігінен телмірем,
Тергеушіні немене деп сендірем?!
Бұ дүниеден таба алмаған Шындықты,
О дүниеден іздейін бе енді мен?!
Тергей берсін, тергей берсін, тергесін,
Керегі жоқ… кешірім де бермесін!
Ошағымның күлі көкке ұшса да,
Отанымның оты мәңгі сөнбесін!!!
Желтоқсанның жүз құбылып реңі,
Жетім халық кімнен көмек тіледі?!
Қара жер де көтере алмас мазақты,
Қара нар да көтере алмас азапты,
Көтерер тек ер жігіттің жүрегі!!!
Жылап тұрып,
Жақсылыққа жорығам:
«Алты Алашым адаспағай жолынан!».
… Жылдың соңы…
Кімнің соры?
Сақтай гөр!
Желтоқсанда Ай туады солынан…
Алмас ТЕМІРБАЙ.
Шындық бар ғой,
ол аз десең, Құдай бар,
Арсыз соттың арқасында жын ойнар!
Желтоқсанда Ай туады солынан…
Желтоқсанда Айға қарап жылайды Ар…
Айға қарап
Ар жылайды, жыласын,
Жұмыр басты жұдырықтап ұрасың!
Жер қозғалса, қозғалмайтын мінезім,
Ел қозғалса, енді қалай шыдасын?!
Темір тордың алдында,
Теңдік сұрап тұрмас мәңгі жан мына!
«Отыз жеті» ойран қылған қазақты,
«Сексен алты» сергелдеңге салды ма?!
Желтоқсан деген бұл айда,
Желкілдеген туым жерге құлай ма?!
Шындық бар ма?!
Шыныңды айтшы, ей, Дүние,
Ол жоқ болса, жоқ қой онда Құдай да!
Ләззаттардың шашын жұлдың, Желтоқсан,
Ерболдардың басын жұлдың, Желтоқсан!
Құтырынған иттей көзі қанталап,
Құл-құтанды басындырдың, Желтоқсан!
Елім үшін…
Еркек тоқты ─ құрбандық,
Құрбан болар құным жоқ па бір малдық?!
Өмір деген ─ өрмекшінің торына
Шыбын жанды шырқыратып, шырмалдық.
Батырлардың басы кетсе шабылып,
Ақындардың жүректері жарылып!
Елім менің, енді қайтіп күн көрер,
Кремльге бағынып,
Күн-көсемге табынып?!
«Жаумен бірге құрысын ─ деп, ─ жауыздық!»,
Қар бетіне көздің жасын тамыздық.
Мұздай суық ─ дүниенің үстіне,
Оттай ыстық ─ қанымызды ағыздық…
Темір есік тесігінен телмірем,
Тергеушіні немене деп сендірем?!
Бұ дүниеден таба алмаған Шындықты,
О дүниеден іздейін бе енді мен?!
Тергей берсін, тергей берсін, тергесін,
Керегі жоқ… кешірім де бермесін!
Ошағымның күлі көкке ұшса да,
Отанымның оты мәңгі сөнбесін!!!
Желтоқсанның жүз құбылып реңі,
Жетім халық кімнен көмек тіледі?!
Қара жер де көтере алмас мазақты,
Қара нар да көтере алмас азапты,
Көтерер тек ер жігіттің жүрегі!!!
Жылап тұрып,
Жақсылыққа жорығам:
«Алты Алашым адаспағай жолынан!».
… Жылдың соңы…
Кімнің соры?
Сақтай гөр!
Желтоқсанда Ай туады солынан…
Алмас ТЕМІРБАЙ.
16 пікір
Деген мини эпизодттық рөлді сомдау үшін айгерім есімді сыныптасым прическа жасатып келіп еді. Еще сахнада емес. Ашық сабақ қо сыныпта
Желтоқсан да яғни тәуелсіздік мерекесінде қазақтардың жоқтап отырғаны маған ұнамайды. Мерекені тойлауымыз керек емес пе? Тәуелсіздік мерекесінде тойлаудың орнына жоқтаймыз да ал жаңа жыл мерекесінде кадімгідей тойлаймыз. Мен түсінем 1986 жылғы қаза болған жастарымыздың аруағын ұмытпауымыз керек, сыйлап,қадыр тұтуымыз керек. Бірақ Тәуелсіздік мерекесінде жоқтаудың не қажеті бар. Егер жоқтау керек болса. Тәуелсіздігіміз үшін құрбан болған сонау Исатай мен Махамбет сарбаздарынан бері барша қазақтың өлімін жоқтап отырайық ендеше.
Сосын қатал, талапшыл, бірақ өте әділ еді, біз үшін талай айқаласып жүретін басқа мұғалімдермен, ездікті мүлде жақтырмайтын.
Қысқасы рухы өте биік апай еді, бүгін де аза тұтып жатыр ма екен!