Ұмытуға көмектес маған сені
Еш хабарсыз басқа жаққа кетсең еді,
Ұмытуға көмектес маған сені,
«Сүймеймін» де жаралап жүрегімді,
Жүрмеші бостан босқа қинап мені.
Сенсіз жүрек мазасыз күйге енді,
Ұмытуға көмектес маған сені,
Саған деген сезімді жойып жібер,
Махаббат деген аурудан арылт мені.
Суретінді тастайын отқа жанған,
Оны көріп түніменен жастар тамған,
Көрінбеші көзіме мәңгілікке,
Сезімімді өшіріп оттай жанған.
Сезім өшсін, қалсын гүлдей солып,
Ажырайық, қалмайықшы дос та болып.
Көрінбеші талай жылдар өтсе де,
Қаламынғой тағы да ғашык болып…
Ескерту: қателіктер болса алдын ала кешірім сұраймын. Өзгертетін жерлері болса пікір қалдырып кетіңіздер.
Ұмытуға көмектес маған сені,
«Сүймеймін» де жаралап жүрегімді,
Жүрмеші бостан босқа қинап мені.
Сенсіз жүрек мазасыз күйге енді,
Ұмытуға көмектес маған сені,
Саған деген сезімді жойып жібер,
Махаббат деген аурудан арылт мені.
Суретінді тастайын отқа жанған,
Оны көріп түніменен жастар тамған,
Көрінбеші көзіме мәңгілікке,
Сезімімді өшіріп оттай жанған.
Сезім өшсін, қалсын гүлдей солып,
Ажырайық, қалмайықшы дос та болып.
Көрінбеші талай жылдар өтсе де,
Қаламынғой тағы да ғашык болып…
Ескерту: қателіктер болса алдын ала кешірім сұраймын. Өзгертетін жерлері болса пікір қалдырып кетіңіздер.
7 пікір
Жаратқаным жар болшы жандарға әсем,
Қаршадай қыз аман бол жалғанда сен
Жұбатуға өзіңді бір-ақ жол бар,
Мені ұмыт көрсеңде аңғарма сен. (Бағдат Мүбарак)
сенің өлеңің өшпенділік пен кінәлап жазылғандай.