Шығыс әдебиеті жауһарлары: Хафиз Ширази
Фейсбукте топ ашып едім. Ол топта Шығыс әдебиетінің жарқын тұлғалары Омар Хайям, Әбу Әли Ибн Сина, Әбілқасым Фирдауси, Әбу Абдулла Рудаки, Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбдрахман Жамъий, Абдулхалық Ғыждыуани, Әбілуафа Харезми, Әбусаид Әлхайр, Әдеб Сабыр Тирмизи, Бахриддин Хилали, Бердақ, Біләл Назым, Баба Тахир, Фаридин Аттар, Әкім Санаи, Хафиз Ширази, Имамиддин Насими, Жалаладдин Руми, Қайқауыс, Мәжидин Бағдади, Махтумқули, Мырза Әбдқадір Беділ, Мырза Алып, Мұхаммед Фузули, Нәжімеддин Кубра, Ғанжави Низами, Балуан Махмұд, Сағди Ширази, Убаиди, Қожа Абдулла Ансари, Хұсрау Дехлауи тағы да басқа ұлылардың шығармашылығы қазақ тіліне аударылып жарияланып отыратын. Енді, оларды сомен қатар Айтаберде жариялап отырамын. Поэзия мен пәлсапаның ең қайнаған дәуірлерінен бәһра алып, бір сәт рахат іздеген көңілдің шөлін шығыстың жауһар шараптарымен баса отырыңыздар!
Хафиз Ширази — тек қана Шығыс емес Батыстың да әдебиетіне үлкен әсерін тигізген ұлы классиктерден бірі. Неміс ақыны Гете "Ұлы Хафиз", «Cөз шеберлігінің дарасы» деп айтып кеткен екен. Алдағы уақыттарда кітаптарын аударатын боламын. Бүгінше мына шумақтардан бәһра ала отырыңыздар!
Шираздық қыз көңілімді қуантса егер молынан,
Самарқан мен Бұхараны құрбан етем жолына.
Арманым жоқ бұл жалғанда, қиын болмас қалғаны,
Сендік ерін шарабының дәмін татсам болғаны.
Сөйле Хафиз, айналаға шашып жібер сөз дүрін,
Қаламыңнан жарым жандар бүтіндесін өз ділін.
Еһ, өмір-ай, жар иісінен рухым жатыр тасынып,
Қайғы – дертім, жан рахатын жатыр тағы басынып.
Сен — таңсың да, ал мен болса майы біткен шамдаймын,
Бір жымисаң, өлімге де жанымды аяп қалмаймын.
Жәннат іздеп жүрген досым, шарапүйге баралық,
Құм ыдыстың[1] түбінен біз Кәусар суын табалық.
Көктем болар сенің нұрлы дидарыңмен кең дала,
Сенсіз Хафиз мұңға батты. Уа, сұлуым кел маған!
[1] — (парсыша Хум) әдетте шарап құятын асыл топырақтан жасалған ыдысты айтады. Құмыра.

9 пікір
үндеме