Тәуелсіздік

Тәуелсіздік таңы атты, дербес күн!
Өткен күндер қайта айналып келмесін!
О,қазағым, азатсың сен дербессің!
Тәуелсіздік әні мәңгі құшағыңда тербелсін!

Қуаныңдар! Қазақ елі азатсың!
Тайсалмадың біріне де азаптың,
Жаса мәңгі, тәуелсіздік,
бостандығы Қазақтың!
Жасай берсін батырлары,
Рухы өлмесін Қазақтың!

Арман болған бұл еркіндік
Екі ғасыр сорлаған…
Большевиктер малын тонап,
Бар байлығын жалмаған…
Талай қазақ құрбан болды,
Жері үшін тоналған…
Зиялылар талай, талай,
Ұлтшыл болып саналған…

Қуаныштан осы күнге толғанып жыр арнаймын!
Жыр арнауға еліме мен ешуақытта талмаймын!
Қазағымның намысы мен байтақ жерін…
Өмір бойы еш шаршамай жырлаймын!!!<img

2 пікір

yesbolat83
Патриотты, қазақ тарихынан аз да болса сыр шертетін, өткенін жырлаған, оқуға ыңғайлы, сондай-ақ, ұйққасы да орнын тапқан, елін, жерін, тілін, тарихын сүйетін азаматтар оқығанда бір масаттанып қалатын туынды екен.
Saya96
Рахмет көп көп))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.