Төрт мезгіл!!

Төрт мезгілге
Біраз болды көктемнің келгеніне,
Қуанамыз жаздың мынау енгеніне
Жарқырап жап жасыл жаз келді міне,
Сонда айтты былай деп жаз көктемге:
Менімен қал бірге бол,
Жеміс жидек тереміз
Кетпе ешқайда…
Шомыламыз күлеміз.
Деп айтты жаз көктемге,
Сөзін айтты көктемде
Қала алмаймын сенімен
Қала алмаймын енді мен
Деп кетеді қол бұлғап…
Ауырады жылы жаз,
Көтерілед ыстығы,
Қайнайды да бұрқылдап
Ұстай қалад қырсығы.
Үш ай өткеннен кейін
Күзде келді жарқырап
Жазға айтты қалшы деп
Жаз қалмады «қойшы» деп
Елемей кетті жаз енді…
Күз долданып желдетті,
Шөп, талдарды тербелтті,
Жапырақтан өң кетті,
Жерге шашып билетті.

Үш ай өтті күз қалды,
Қыста келді ызғарлы
Аяз ұлын ертіп ап,
Сақалдары ақ қарлы
Қал бізбенен күз деді,
Ақ қабағын бір шертіп.
Қала алмаймын сенідермен,
Деді дағы күз кетіп.
Борандатты, қарлатты,
Адамдарды жауратты,
Бір сағаттың ішінде,
Айналаны ағартты.
Аяз ұлы көркемдеп,
Сурет салып тастапты.
Үш ай өтті осылай,
Қыстан да енді күш кетті,
Күн жылына бастады,
Көктем келе бастады.
Аяз қайда қыс ана?!
Деп сұрады күлімдеп,
Қалдыр оны жайына,
Іздеме оны енді деп
Кетіп қалды қыс терлеп.
Жылады көктем жылады,
Көшелерде суланды,
Біраз күн өткеннен кейін,
Еңсесін көктем көтерді,
Неліктен мен жыладым?
Деп өзінен сұрады
Жаз келеді әлі алда
Дайындалам әлі оған,
Гүл сыйлаймын талдарға,
Ән салдырам құстарға.
Қарсы аламын жазды осылай,
Екен өмір, әлі алда…

1 пікір

maulen
4 мезгілге тіл бітірген кермет,
бізге де бір сыйларыңнан берегет.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.