Ақын Абай

Ақын Абай
Дара Абайым, данасың, кемеңгерім,
Өзің барда, қалайша мен төмендермін.
Бар әлемді өзіне қаратты ғой,
Нұрын шашып, өлмейтін өлеңдерің.

Ұлы Абайым, әділетті жақтаған,
Адалдықты, жауыздыққа сатпаған.
Қазақ халқын шақырып, өнер-білімге,
Адал жолмен, салт-дәстүрді сақтаған.

Ақын болдың, жақын болдың халыққа,
Қарсы болдың, билік құмар, атаққа.
Қыл қалам мен ақ парақты серік қып,
Мұра қылдың өлең-өсиетті ұрпаққа.

Қазағымның ұлы ақыны – Абайым,
Қазақ жеріне салған білім «сарайын».
Бар әлемді жаулаған тек біліммен,
Сипаттаған қара халықтың күй – жайын.

Мақтан тұтам әрқашанда мен өзіңді,
Ұмытпаймын бізге жазған сөзіңді.
Сенің сөзің қазақ үшін асыл сөз,
Жас өрендер айтады жыр-өлеңіңді.

Жаның төзбей жағымсыз жат қылыққа,
Дедің «ел ұрынбасын тапшылыққа».
Өшпейтін өсиет сөз өлеңіңмен,
Бар қазақты шақырдың жақсылыққа.
Авторы: Сағыныш Айдынғалиұлы

4 пікір

pari
Өлең 7 сынып оқып жүргенде жазылған, қателіктер болса айып етпеңіздер!
ereke_enu
7 сыныпта 7 шумақ өлең жазсаң жаман емес
pari
7 шумақ
маған очки кию керек па
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.