Сағындым сені ауылым.

Сағындым сені
Дәстүрдің кені
Ұшырған мені
Шалғайда жатқан ауылым.
Күш берген демі
Жанымның емі
Арманым еді
Өзіңе бір баруым.

Құмыңда ойнап
Суыңда бойлап
Өтті ғой қайнап
Балалықтың бал кезі.
Көк шықса жайнап
Ағаш атты сайлап
Үйге кірмей айлап
Қызықты еді-ау жаз кезі.

Жалаңаяқ жаңбырда
Шапқылап әр қырға
Бөлеген бір нұрға
Қасиетің бар асылдай.
Әжемнің құртында
Салыпап ұртыма
Қызыққа ұмтыла
Жүрген бір кездерай.

Шырайлы таңдары
Көшенің шаңдары
Бәрінде еске алып,
Мұңайып күлгенім.
Қалада мынау
Көңілде қырау
Жолымда тұсау
Жеталмай саған жүргенім.

Аңсатқан мекен
Қымбатсың неткен
Нәр алған екем
Сендегі тұнық қайнардан.
Болсада тұрақ
Жүрсемде жырақ
Екемғой бірақ
Мәңгілік саған байланған!

2 пікір

yesbolat83
Қайран ауыл! Талааай жалаң аяқ үй көрмей ойынның қызығына тоймай ауылда ойнаған кездер-ай!
yesbolat83
Сағындым, сағындым ауылдағы сол кездерді…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.