Ана...

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Ана
Ана сенен мына әлем нәр алды,
Ана сенен бір құдірет жаралды.
Қараңғылық күңірентсе даланы
Жарытатын анадан сәуле таралды.
Ана деген құдірет бас иетұғын,
Көңіліңе қуанышты үйетұғын.
Ана деген асыл жан, жалғыз ғана
Перзенті үшін дамылсыз күйетұғын.
Жыласа да ана деген, жылатпайды баласын,
Мұңды дертпен жеңе білер тағдырдың әр наласын.
Сан белесін арқалап қиын күндердің
Үйреттің ғой сәбиіңе өмірдің ақ-қарасын.
Өкінішті, дәрменсізбін бүгінде
Ұғынуға көп пенденің санасын.
Өз анасын ащы жаспен қалдырып,
Ей адамзат қайда кетіп барасың?
Қалай ғана жазарсың сен,
Жүректің мұнды жарасын.
Мұның үшін тартарсың сен,
Тағдырдың сан жазасын!
Өкініштің құрсауында өмірге бас иесің
Азаппенен түсінерсің сол кезде,
Анашыңның көз жасының киесін.
Өмір саған сыйламаса аншың
Мына таңың қазірде атпас па еді?
Надандықпен жолдас болып алмағанда,
Қарттар үйінде аналар жатпас па еді?
Тірі жүрсе нанға зар қып анаңды,
Өлгеннен соң жұртқа берер асыңның керегі не?
Аман жүрсе бір көйлекті сый етпей,
Дүниеден өтсе басына қояр ақ тасыңның керегі не?
Балаңды деп шашыңа ақтың түскені,
Балаңды деп суықта қолдың үскені.
Балаңды деп қайғы-азапты көп тартып,
Ғұмырыңның ерте ғана біткені.
Жете алмай жүр балам деген сөзіне,
Ащы жасқа көзі талай мылынып.
Дидарын бір көрсетші анамның деп,
Тағдырына сан қайтала жалынып.
Қарттар үйіне жүрегі дір етпестен,
Біреулер жүр сүйреумен анажанын.
Тым болмаса айына бір рет барып,
Сұрамастан анасының халі-жайын.
Ана деген мейірім иесі ғой,
Қаламайтын перзентіне жамандық.
Пәк жүрегін дертті етіп кетсе де,
Тілеп тұрар перзентіне амандық.
Жанарыңнан көрер болсам тамшы жас,
Жүрегіме ұялайды бір мұңдық.
Жанымдасың медеуім де, демеуім,
Ал сенсіздік менің үшін бір сұмдық.
Ана, анажаным, асыл анам,
Бір өзіңнен нәр алған мына ғалам.
Ақ сүтіңнің құдіретіне басымды имей,
Айтшы халқым, мен бүгін қайда барам?
Мейлідағы көрейін қайғыны да
Жолықтырғын дұшпанды да, талай қасты
Тек сұрарым Аллахым тамызбағын,
Аналардың көзінен ащы жасты.
Сен болмасаң Сахарадай бақ маған,
Жұмақтағы биік болар тақ саған.
Жанымда менің кетпейдағы жүрсеңде,
Сәбидеймін анажанын аңсаған.
Қайғыны жүрегіме үйіп-төгіп,
Сен болмасаң айтшы ана, не етемін?
Ғайып болса дидарың өз алдымнан,
Сансыз мұңмен мәңгідағы кетермін.
Разы қылмай көз жаспенен қалдырсам,
Тамұқта мәңгілікке өртенермін.
Күйіп денем,өртеніп анышым деп,
Жанымды өртер балапаным дегендерің.
Кешір ана, балаңды кешір ана,
Көз алдымда болсыншы орамалың,
Қаламаймын өмірде аналардың,
Сәбиінің жанынан жоғалғнын.
Ей адамзат, аялайық ананы,
Өкініштің құрсауында қалмайық,
Перзенті үшін шырылдаған ананың,
Жаралап тағы пәк жүрегін алмайық,
Жыламасын аналар.жыламасын
Сәбилердің тірегі құламасын,
Жаман күндер соңына қайырылмасын,
Анасынан адамдар айырылмасын.
Мына өмір Жұмақтай болар ма еді,
Қарттар үйі мәңгіге жойылғасын.
Надандықтың сөйлемінің соңына,
Басталмайтын нүктесі қойылғасын.
Ең биікте аналар тұрсын мәңгі,
Орындалсын қай кезде де әлди әні,
Жыламастан аналар күліп жүрсе,
Болар еді өмірдің нағыз сәні....!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.