Жан анашым

Әлдилеген ақ бесікке олең айтып жұбатқан.
Әрбір созін жан қызым деп, куліп тұрып куантқан.
Жан анашым қарызыңды қалай гана отейін.
Түн ұйқысын төртке бөліп, мені сүйіп оятқан.
Жүрегіңіз согып тұрар мендегенде білемін.
Жаралагым келмейді ғой, оның нәзік жүрегін.
Жете алмайды ана деген асыл жанға ешбір жан.
Жан тәніммен жан анашым, сізді жақсы көремін.
Ұясы бар балапандай сезінемін озімді.
Сіз келгенде қорғанымдай күш беретін секілді.
Менің егер қатем болса кешіріңіз жан ана.
Еркелігім басым болып, кетсе реніш созімді.
Қиянаты болмайды гой баласына ананың.
Ана деген жанашыры, ақылшысы баланың.
Тек жақсылық, бар бақытты тілейтінде бұл ана.
Гүлдері гой жайнап тұрган, кең алқапты даламның.
Олең жазып жүрегімді міне тагы тербедің.
О Анашым неткен нәзік, неткен қайсар жан едің.
Күндіз түні бар жұмысты бір озіңіз атқарып.
Жандарым деп бізді ойлап, тыным таппай жүргенің.

2 пікір

Kan
Лиза, Лиза жан, Лиза қыз өмірде аналардың бәрі алтын. анаңа деген құрметіңнен айналайын. Бірақ өлеңіңді ақындық жағынан шын талқылайтын болсам. нашар құрастырылған ұнамады. Жай анаңа қара сөзбен хат қлып жазғаныңда әлде қайда әсерлі боларма еді. Айтседе ақын болғын келсе жаза бер, жаза бер.
yesbolat83
Ұйқасын қайдам, мағынасы керемет екен!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.