Тура жол – Алла сыйы жақсы бір із
Бастадым рақымды Алла атымен,
Жақсы сөз тыңдаушыға пайдасымен.
Исламды жүрекке ұялатсаң,
Шайтан келіп ала алмас айласымен.
Жасыңнан жаман істі қылық етпе,
Сеніңіз жаратушы құдыретке.
Құран аш, дұға жаса, иман келтір,
Шүкір деп Алла берген нығыметке.
Амал жинап күнәдан арылыңыз,
Шайтан келіп ой салса тарылыңыз.
Алланың әр ісіне риза бол!
Сабыр етіп бәріне бағыныңыз.
Меккеге үш арқалап апарсақ та,
Өтелмес ана алдында қарызымыз.
Ел бақыты – бесіктің берекесі,
Баланы тәрбиелеу парызымыз.
Кісінің өз перзентін тәрбиелеп,
Әдептілік үйретіп жүргендерге,
Күнделікті белгілі бір мөлшердегі,
Садақадан қайырлы іс білгендерге.
Шариғаттан хабар ал діннен безбе,
Барлығына жауап бар өлген кезде.
Сұйық жүріс қыздардан сақ болыңыз,
Қонатын көбелектей гүлден гүлге.
Есірткіге егілсен есің кетер,
Қиындықтан арылмас күнің мүлдем.
Сабындай суға түсіп көпіретін,
Жоқ боласың жұқарып күннен күнге.
Ақымақпен дос болудан тыйылыңыз,
Тұрмайды ол көбіне берген сөзде.
Пайдасынан зияны асып кетер,
Жақсылық жасаймын деп жүрген кезде.
Тәніңді сатып пұлға жалдамаңыз,
Жас баланы жасытып қарғамаңыз,
Мастанып өткінші бір ләззатқа,
Тез таусылар дүниеге алданбаңыз.
Тілге сақ бол кісімен сайыспағын,
Ашу – дұшпан, ақылмен байыптағын.
Көзді қорға қараудан харам затқа,
Көруден басқалардың айыптарын.
Мақтау айта алмасаң мұсылманға,
Ең болмаса сен оны жамандама.
Пайдалы бола алмасаң қысылғанда.
Зияныңды тигізбе ең болмаса.
Бір мұсылман баласын ренжітпе,
Қуандыру келмесе қолыңыздан.
Тіршілікте: бес парыз – Алла жолы,
Қияметте құтқарар сорыңыздан.
Тура жол – Алла сыйы жақсы бір із,
Өтпесін өзім деумен бес күніңіз.
Ғибадаттың ең оңайы, пайдалысы.
Аз сөйлеп, көрсету ғой жақсы мінез.
Бой алма қисық мінез қыңырлыққа,
Кешіріммен қараңыз бұйым жұртқа.
Ешкімді ренжітпе сабыр еткін,
Басқалардан келетін қиындыққа.
Әдетіңіз болмасын қайда да бұл,
Жетпей жатса жымқырып пайда табу.
Ысырапшыл болмаңыз асып кетсе,
Ескеріңіз, пенде көп нанға зәру.
Ең қиын үш нәрсе бар адам үшін:
Қорлықтарды ұмытып жан тазару;
Содан соң қиын екен сыр сақтау мен,
Уақытты тиімді пайдалану.
Үш мұнафық белгісі олар мынау:
Уәделеп айтылған сөзде тұрмау,
Жалған айтар өтірік сөзге құмар,
Аманатқа қиянат жасаушылар.
Жан беріп тіршілікті бейнелеген,
Он сегіз мың ғаламды зерделеген,
Мақтау, мадақ барлығы бір Аллаға,
Ұлы сөзге басқалар тең келмеген.
Ібілістің ісіне ерме дер ем,
Мұсылман болмайынша өлме деген,
Мұсылмандық азаптан құтқарады,
Күнің келіп кіргенде көрге денең…
Медетбек АБДУЛЛАЕВ
Жақсы сөз тыңдаушыға пайдасымен.
Исламды жүрекке ұялатсаң,
Шайтан келіп ала алмас айласымен.
Жасыңнан жаман істі қылық етпе,
Сеніңіз жаратушы құдыретке.
Құран аш, дұға жаса, иман келтір,
Шүкір деп Алла берген нығыметке.
Амал жинап күнәдан арылыңыз,
Шайтан келіп ой салса тарылыңыз.
Алланың әр ісіне риза бол!
Сабыр етіп бәріне бағыныңыз.
Меккеге үш арқалап апарсақ та,
Өтелмес ана алдында қарызымыз.
Ел бақыты – бесіктің берекесі,
Баланы тәрбиелеу парызымыз.
Кісінің өз перзентін тәрбиелеп,
Әдептілік үйретіп жүргендерге,
Күнделікті белгілі бір мөлшердегі,
Садақадан қайырлы іс білгендерге.
Шариғаттан хабар ал діннен безбе,
Барлығына жауап бар өлген кезде.
Сұйық жүріс қыздардан сақ болыңыз,
Қонатын көбелектей гүлден гүлге.
Есірткіге егілсен есің кетер,
Қиындықтан арылмас күнің мүлдем.
Сабындай суға түсіп көпіретін,
Жоқ боласың жұқарып күннен күнге.
Ақымақпен дос болудан тыйылыңыз,
Тұрмайды ол көбіне берген сөзде.
Пайдасынан зияны асып кетер,
Жақсылық жасаймын деп жүрген кезде.
Тәніңді сатып пұлға жалдамаңыз,
Жас баланы жасытып қарғамаңыз,
Мастанып өткінші бір ләззатқа,
Тез таусылар дүниеге алданбаңыз.
Тілге сақ бол кісімен сайыспағын,
Ашу – дұшпан, ақылмен байыптағын.
Көзді қорға қараудан харам затқа,
Көруден басқалардың айыптарын.
Мақтау айта алмасаң мұсылманға,
Ең болмаса сен оны жамандама.
Пайдалы бола алмасаң қысылғанда.
Зияныңды тигізбе ең болмаса.
Бір мұсылман баласын ренжітпе,
Қуандыру келмесе қолыңыздан.
Тіршілікте: бес парыз – Алла жолы,
Қияметте құтқарар сорыңыздан.
Тура жол – Алла сыйы жақсы бір із,
Өтпесін өзім деумен бес күніңіз.
Ғибадаттың ең оңайы, пайдалысы.
Аз сөйлеп, көрсету ғой жақсы мінез.
Бой алма қисық мінез қыңырлыққа,
Кешіріммен қараңыз бұйым жұртқа.
Ешкімді ренжітпе сабыр еткін,
Басқалардан келетін қиындыққа.
Әдетіңіз болмасын қайда да бұл,
Жетпей жатса жымқырып пайда табу.
Ысырапшыл болмаңыз асып кетсе,
Ескеріңіз, пенде көп нанға зәру.
Ең қиын үш нәрсе бар адам үшін:
Қорлықтарды ұмытып жан тазару;
Содан соң қиын екен сыр сақтау мен,
Уақытты тиімді пайдалану.
Үш мұнафық белгісі олар мынау:
Уәделеп айтылған сөзде тұрмау,
Жалған айтар өтірік сөзге құмар,
Аманатқа қиянат жасаушылар.
Жан беріп тіршілікті бейнелеген,
Он сегіз мың ғаламды зерделеген,
Мақтау, мадақ барлығы бір Аллаға,
Ұлы сөзге басқалар тең келмеген.
Ібілістің ісіне ерме дер ем,
Мұсылман болмайынша өлме деген,
Мұсылмандық азаптан құтқарады,
Күнің келіп кіргенде көрге денең…
Медетбек АБДУЛЛАЕВ
1 пікір