Қылықтыма

Жалынды жанарыңа,
Сыйғызып сый талабын.
Сызылып, сыңғырлайды,
Үні де гитарамның.

Елеңдеп елесіңе,
Қарайлап қор боламын.
Екеуміз бірге жүрген,
Қимаймын жол торабын.

Сүйікімді сұлу бейнең,
Сәт сайын мазалайды.
Жақындап келгенменен,
Алысқып жазалайды.

Өткенге өкпе арпай,
Білінді нақ тілегім.
Өзімді қоя тұрып,
Өзіңе бақ тіледім.

9 пікір

Керемет!)
maulen
рахмет, әдемі нөмерлі қыз!
adaikyz
лезде және әдемі шыққан туынды. Жарайсың!!!
zhanaai7
тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін өлең жолдары…
maulen
Жылы пікіріңізге рахмет)))
Juldyzka1995
Тамаша! Кок сияныздан тамган туындыларыныз коп болсын! ЖАРАЙСЫЗ…
maulen
Рахмет, Juldyzka1995 ! аумин! сіздердей оқырмандар бар кезде, қаламым қашанда жаңа туындырар жаза бермек, бұйыртса!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.