Айтабер ұзақ жаса

Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Айтабер ұзак жаса

Айтаберден тапқандаймын керегiмдi,
Қызықты ой бөлiсер дерегiмдi.
Асыл сөзден бiлемiн бұл жастарға,
Тәрбие тал бесiкте берерiндi.

Биiкке жетелейдi асқақ арман,
Таусылмайтын махаббат бастау алған.
Ақ параққа сан ойлар тоғыстырып,
Төгiледi блогтар жас қаламнан.

Кино алемi өзiне шақырады,
Жасыл алаң жаналық атырабы.
Интернет қолданушы жастарымыз,
Саяхат алемiнде отырады.

Қазақтың салт-дастүрiн жалғастырған,
Ұл-кыздар аман болсын елiмдегi.
Шын ниетпен әр күнге қуаныңыз,
Асыныз дәмдi болсын көңiлдегi.

Сұрағыңа жауабы табылады,
Пайдалы кеңестер бұл қауымдағы.
Ұзак болсын ғұмыры админдердiн.
Өшпесiн жастарымнын жалындары.

Айтабер окырманың таусылмасын,
Домалап биiктесiн өрге тасың.
Журегiмнен өзiңе жыр арнадым.
Өзiңнен қуат алар жан болғасын.

6 пікір

Ai_fariza
Айтабер әнұранын жазайык достар
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Несі бар тамаша өлең, ал достар талқылайық, пікірлеріңді боратыңдар.
yesbolat83
Осы сайттағы сіздің алғашқы жарияланғандар қатарындағы жазбаңыз емес пе бұл? Қайталап жариялай берудің не қажеттілігі бар?
followme_alik
Осы өлеңді толықтырып, қайтіп жазуға біз итермелегенбіз :)
followme_alik
Дос баламнан әнін құрастыруға уәде алғанмын, көрелік, талабың өссін, Фариза :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.