Өмір маған сый ұсынды керемет

Өмір маған сый ұсынды керемет
Қолын қақтым, маған енді не керек?
Өмірімнің құнын өлшей алмай-ақ
Құрыдың ғой, құрыдың ғой сұм жүрек…

Жанның сыры маған жұмбақ әлі де
Тылсымына бойлай алмай жүрмін көп…
Қинай бермей бір жапырақ кесекті
Ұшсаң етті көк аспанға бүркіт боп…

Қарай-қарай алысқа ұзақ көз талды
Үмітім де сағымдарға алданды…
Көңіл шіркін анда-санда өрекпіп
Таптап жүрер әлі мына жалғанды…

Тазамын ба, қарамын ба, қандаймын?
Біреу күйе жақса болды кірлеймін
Біреу ақты ұсынса да қараймын
Мүмкін іші қара шығар білмеймін?

Махаббат, сезім, ғашықтық бәрі жалғандық
Тағдырдың құлы болып-ақ кетті арманым…
Не істермін енді, жаным-ау, әбден алдандық,
Сопайып басым қалғаны ғой, қалғаным…

Өмірдің сыны қаттырақ болып кетті ме?
Адасқан жаным арын да кірлеткені ме?
Аспаным менің айналып жерге түсті ме?
Бақытым менің сағымға бұлдыр кеткендігі ме?
Бақытым менің алыста жүрші бұлдырап
Алыстан сені жазылған көру маңдайға…
Өмірдің шыңы биіктен енді құлдырап
Кетсем де басам аяғымды мен арманға…

Сүймеймін енді ешкімді, мен, сүйе алмаймын
Бір жүрек қана, тек соны ғана қалаймын…
Бақыттың таңы атуы үшін, жаным-ау
Мен сені ғана, жаныма жақын санаймын…
Мен сені ғана…
Мен сені ғана жырлаймын!!!
Мен сені ғана бақытыма балаймын!
Бақытым мені тастап кетті ме?
Қалайша?
Бөтенмен енді өмірімді мен жалғасам
Жүрегім сені ойлаумен бірақ…
Батар күн…

Жазылған шығар, жазылған шығар маңдайға!?
Бақытты басқа теуіп-ақ шіркін, адамдар…
Сол бақыт іздеп өмірін бірақ өткізер
Жоғалтқан пенде…
Ғұмыры оның солғындар…

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.