Аспандағы Ай

Аспандағы Ай!
Сенсіз бұл түн болар ед қап-қараңғы-ай.
Жарық сөнді. Аспанда жұлдыз да жоқ,
Показать полностью…
Отыра алмадым саған көп қарамай.
Жүріп келіп ойлардың жетегінде
Саған қарап, кідіріп, тоқталам-ай.

Аспандағы Ай!
Саған1 бір сыр ашпақ боп оқталам-ай…
Сағыныштан шөлдеген ақ жүзімді
Тәтті мұңмен суғарған жас жанар-ай…

Аспандағы Ай!
Сен маған ол болып елестейсің!
Расында солай болуы керектей шын.
Саған қарап жанардан жас тамғаны-ай,
Айналаға нұр шашқан аспандағы Ай!

Жап-жарық Ай!
Оған ойым байланып қалғанын-ай!
Мені оған ғашық етіп қойған Алла-ай.
Оған жіпсіз байланып қалғам қалай?

Бұлай болуы жарық Ай, мүмкін бе екен?
Көп ойланам, шынайы күлкім де кем.
Біреу айтса сенбес ем, жалған дер ем.
Өмір теңізінде еді арман кемем.
Сол кемеде бүгінде сөзіменен
Сандырақтап адасан бір жан мен ем.

Аспандағы Ай!
Түнім жоқ оны ойламай көзімді ілген.
Сағынсам да шыдаймын, төзіммін мен.
Енді бірде көкке өрлей лаулап жанған
Жүректегі бір албырт сезіммін мен.
Сырлысым Ай, шын ризамын Жаратқанға,
Ғашық еткен,
Сағынтқан,
Сезіндірген!
Аспандағы Ай
Бәрін де сезіндім мен!

Салтанат Мадиярқызы

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.