Біз жастар

Біз жастар тау қопарар қарқынменен,
Түндегі найзағайдай жарқылменен,
Жастықтың жалын атқан шақтарында
Көрінеміз бойдағы сан қырменен.

Показать полностью…
Бірге жүрген достармыз біз жайдары,
Мақсаттарға ұмтыламыз ойдағы.
Біз жастар — жігерліміз, табандымыз
Сужүректі қашыратын айбары!

Білімменен жақындатар алысты,
Дарынды жастар кімдерден қалысты?
Егеменді еліміздің ертеңі
Жалындаған жастармыз біз намысты!

Салтанат Мадиярқызы

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.