Жек көрем сені...

Не көкірек алып жатқан бойыңды?
Қандай нәрсе толғандырған ойыңды?
Түсініксіз ой тудырдың тұманды,
Өзгеменен көре алмаймын тойыңды.

Қызғанамын сол үшін де жек көрем,
Тыңда сені жүрек сыры деп білем.
Жек көремін сүйгендіктен өзіңді,
Жек көремін сөздерді «кет» деген

Қимас күнді біз екеуміз жарасқан,
Түн ортасы бақ ішінде адасқан.
Жек көремін сол бір түнді жек көрем,
Екеумізге сәуле беріп қарасқан.

Сүйем сені сезесің бе жарығым,
Алыс кетіп қандай әлем таныдың?
Жек көремін, бәрін-бәрін жек көрем,
Бұл әлемнің белгісізін анығын.

Жек көремін әсем, сұлу көзіңді,
Сол баяғы «сүйем» деген сөзіңді.
Жек көремін құшағыңның жылуын,
Жұпары сол әсер берер сезімді.

Жек көремін ерініңді құштарлы,
Күз біткенде келетұғын құстарды.
Жек көремін бақ ішінде жүргенде,
Біз екеуміз тұратұғын тұстарды.

Жек көремін қайта келмес өзіңді,
Сені күткен сабырлық пен төзімді.
Түсіне біл жек көрсем де СҮЙЕМІН,
Қолдан келмес ұмыт қылу сезімді.

23 пікір

monti_1990
а, айтпақшы авторы белгісіз
qyrmyzy
кімді сонша жек көресің??
monti_1990
көп қыздарда болатын құбылыс.
qyrmyzy
сонда ғашық жігітін жек көре ма??
monti_1990
гашык болганы үшін жек көреді
qyrmyzy
хмм, білмеймін
monti_1990
айтпакшы Кырмызы Баха екеуіңе мынандай тілек
Екеуіңе айтайыншы бір ақыл,
Мәңгі болсын махаббатың-мұратың.
Екеуіңе айтайыншы бір тілек,
Ашулансаң ақ жауын боп бүркіп өт.
Екеуіңе айтатын бір өтініш,
Бір-біріңе білдірмеңдер өкініш.
Екеуіңе айтатын бір базынам,
Жиналмасын дастарханың-қазынаң.
Екеуіңе айтайыншы бір әзіл,
Бірің патша, бірің бол уәзір.
Екеуіңе айтатын бір назым,
Ұл көріңдер, қыз көріңдер жылма-жыл!
qyrmyzy
жіләватырмын Абылай сені жек көретін болды
Abylai
жақсы айтылған, жазылған, шығарылған
АААААААААААА
Korkem
сені жек көремін дейді ғо, муахахааах бүгін ажырасу рәсімін жасаймыз дегендерің қайда)))
Abylai
сені жек көремін дейді ғо,
қайс?
Абылай сені жек көретін болды
мынау ма? :)
qyrmyzy
очм, Көркем сауатсыз
Korkem
сүрінбейтін тұяқ жоқ)
qyrmyzy
хмм, дұрыстап оқышиш
Korkem
((((((((( жаңылмайтын жақ жоқ
Baha_07
О рахмет рахмет)))
ardak1996
бар ойы осы бір өлеңге сиып кетіп тұрғандай)
Jako
Құдайым-ай қандай әсем,әдемі жеккөру сезімі.Мені біреу осылай жек көрсе бақыттан басым айналар еді.
qyrmyzy
Әбіл — ау
мені де осылай жек көрсе…
monti_1990
Сен Баханы өтірік жақсы көретін шығарсың, мүмкін жек көретін шығарсың
qyrmyzy
уйййй оны жақсы көрмим, той күні таныстық емес пе?
monti_1990
АА СОЛАЙ МА ШЫРҚЫРАЙ ІЗДЕГЕНІҢЕ ҚАРАҒАНДА ЖАҚСЫ КӨРЕ МА ДЕП ОЙЛАП ЕДІМ…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.