Күз келгенде

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Күз келгенде көктемге ұмтыламыз,
Жанымды жүрген кезде жылтып әр қыз.
Тағатым да таусылар, шыдап сен деп,
Жүрегінде ашылмас құлпы бар қыз.

Күз келгенде күлмейді бақтың маңы,
Құста кетер, себебі, сатқын бәрі.
Көктем болып гүлденер деп жүргенде,
Сен де ұштың-ау бір мұңды тақтыңдағы.

Күз келгенде тұман да ағылатын,
Сабылып, сені бәрі сағынатын.
Түсініксіз, мені де түсінбейді,
Бұйырмай кеткеніңді бағыма тым.

Күз келгенде сап-сары болды тағы,
Жаным да жылғызсырап тоңды тағы.
Үзілген сағыныштың жапырағы,
Көбелекше қолыма қонды тағы.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.