Идеал

Бір тілегім сен едің
Пайда болған алыстан,
Жанды қинар мұң едің
Кезек келсе шалыстан.

Қуанышты сыйлайсың
Пәк көңілмен бір сәрі.
Көңілді бір жайлайсың,
Дертіме сен – мол дәрі.

Ғашықпын ба мен саған?
Қашықпын ба мен сенен?
Істің мәні жат маған,
Мүмкін бар жайт тек менен.

Көнер, түсінер бар жақтан,
Сезім-ойы бір бөлек,
Жаралғандай гүл бақтан,
Идеал болсаң… бір тілек.

Қалауым сен болсайшы,
Жұбанышым, тірегім.
Бақытым боп қонсайшы,
Сені түсінер жүрегім.

Өкініш мені торлайды:
Мұндай біздің әлемде
Идеал нәрсе болмайды,
Бәріне бұл мәлім де.

Идеал жан болмай-ақ,
Жаратармын мен сені.
Өз құзырың, солмай-ақ
Тастарсың-ау сен мені.

Дегенмен сен білгейсің,
Саған қарай тартылам.
Мені ойлап жүргейсің
Еткен сайын таң қылаң.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.