Отан! Туған жер!

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласының кішкентай тұрғыны,5-сынып оқушысы Әмірхан Бекнұр Ниязбекұлының жүрекжарды өлеңі.


Шағалалы Шардара
Мен секілді туып өскен сан бала,
Қымбаттысың, киелісің Шардара.
Әр күн сайын қызықтырып біздерді,
Теңізіңде ән салады шағала.

Анашыма
Ана деген сыр айтатын адамың,
Ана деген тірегі ғой баланың.
Аналарданы асқан қымбат жан жоқ қой,
Бағып жүрем ылғи оның қабағын.

Әкеме
Әке деген асқар тауың тірегің,
Әкелерді мықтылар деп білемін.
Әке деген қамқоршысы баланың,
Біздер үшін жұлып берер жүрегін.

3 пікір

yesbolat83
Отанын, ата-анасын, тілі мен дінін сүйетін үлкееен азамат боп өсуіне тілектеспін!
Kan
қандай керемет өлеңдер жарайсың ұнады маған
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.