Ақынның жарына...
Тағдырым бар торабы көп құрама,
Өлең-перзент! Ақын деген бір ана.
Сені ғана сүйіп өту ойда жоқ,
Өлеңімнің кейіпкерін сұрама!
Қиялимын! Мінезіме төзіп бақ!
Шикілікті шапши берме сезіп қап.
Өле жиған дүниеңмен кеш берем,
Өзін жайлы бір шумақты сезіп тап.
Пешенеме шегеленген ұлы адам!
Талай сынға мен өлеңмен шыдағам.
Қараңғыда қалмасын деп түрткенім,
Үйің сатып, кітабымды шығарам!
Сенікінен менде бөтен, жат арман,
Ең ақырғы көз жас үшін бата алғам.
«Ақын» деген түсініксіз бірдеңе,
«Ақын» деген ойы алжасқан қаһарман.
Бәрін беру, түксіз өмір — күйбелең,
Ақын ғана құр сөзбенен сүйген ең.
Әйел алу азап шығар, ал ақын…
Ойланбастан дей көрмеші,"Үйленем!"
Жындылыққа мән бермейді шын ұнам,
Тектіліктен туындайды тұнық ән.
Құдай, өлең… белгілі ғой, ал күйеу…
бола ала ма, Құдай білсін, құбылам?!
Мақпал Төребек
Өлең-перзент! Ақын деген бір ана.
Сені ғана сүйіп өту ойда жоқ,
Өлеңімнің кейіпкерін сұрама!
Қиялимын! Мінезіме төзіп бақ!
Шикілікті шапши берме сезіп қап.
Өле жиған дүниеңмен кеш берем,
Өзін жайлы бір шумақты сезіп тап.
Пешенеме шегеленген ұлы адам!
Талай сынға мен өлеңмен шыдағам.
Қараңғыда қалмасын деп түрткенім,
Үйің сатып, кітабымды шығарам!
Сенікінен менде бөтен, жат арман,
Ең ақырғы көз жас үшін бата алғам.
«Ақын» деген түсініксіз бірдеңе,
«Ақын» деген ойы алжасқан қаһарман.
Бәрін беру, түксіз өмір — күйбелең,
Ақын ғана құр сөзбенен сүйген ең.
Әйел алу азап шығар, ал ақын…
Ойланбастан дей көрмеші,"Үйленем!"
Жындылыққа мән бермейді шын ұнам,
Тектіліктен туындайды тұнық ән.
Құдай, өлең… белгілі ғой, ал күйеу…
бола ала ма, Құдай білсін, құбылам?!
Мақпал Төребек
7 пікір
Үйің сатып, кітабымды шығарам!" деген жерінде үйін сатып дегенде кімнің үйін деп сұрақ қойғым келіп тұр. бұл жай менің ойым ғой өлеңді оқығаннан кейінгі. Жалпы өлең жақсы жазылған.