Біз қазақпыз!

Біз қазақпыз

Біз қазақпыз,
Қазақпын деп мақтанам,
Ата сөзін ақылменен жаттаған.
Отан үшін еңбек еткен ерлері,
Таң атқанша күзетумен жатпаған.
Біз қазақпыз,
Қос ішекті домбыра,
Қара сөзін Абай салған қоржынға.
Асан Қайғы жерұйығын іздеген,
Бабалардан тарих қалған мол мұра.
Біз қазақпыз,
Жеті атасын сақтаған,
Ер жігітін құлынынан баптаған.
Қырық үйден тиым жасап жасынан,
Қыздың арын, биік қойып сақтаған.
Біз қазақпыз,
Күбісінде қымызы,
Бесігінде сәбинің былдыры,
Ақан сері, Біржан салы ән қылған,
Қазақ қыздың шолпысының сылдыры.
Біз қазақпыз,
Еркін өскен далада,
Әжелері ертегі айтқан балаға.
Шілдехана, Тұсау кесер, Сүндет той,
Салт-дәстүрін жоғалтпаған санада.
Біз қазақпыз,
Азаттықта ақ таңы,
Әнұранмен еркін айтар тәтті әні,
Жастарына сеніп, кеткен Мағжаны,
Әрбір қазақ, қазағымның мақтаны.

Фариза Мақсұт

1 пікір

maulen
Иә, иә біз қазақпыз рас-ақ…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.