Мақсаты жоқ адамдар алысқа бара алмайды.

Даладағы ауа — райынан, адамның жанындағы ауа — райы әлдеқайда маңыздырақ. Далада көктем, ал жан дүниенде боран болғанынан, керісінше болғаны жақсы деп қаламын кейде. Бірақ ондай күндердің де бір жақсы жағы бар: бір ерекше шабыт қонады маған. Бар ашуымды бір қалам және бір парақпен басып аламын. Осы постымда осындай бір сәттерде жазылған өлеңге арнамақпын.



Сенсіз адам қалай ғана тіршілігін жасайды?
Қалай ғана сенсіз барып, бақыт құсын қармайды?
Сенсіз қалай аяқ басам, алға қалай талпынам?
Өмірдегі өз орынымды сенсіз қалай таба алам?
Судай аққан дүниеде мақсат керек адамға.
Ол жоқ болса, жүргендейсің тұманды бір жапанда,
Қараңғыда жарық берер шамға ұқсап мақсатын,
Тіпті, сені жылытады қара суық ақпанда.
Алда тұрсаң жарқырап, мен өзіңе талпынам!
Үміт қылып соқсан егер, саған қарай асығам!
Сендіремін бар ғаламды, тек өзің бол қасымда,
Керек десең күшім тасып, арманды шыңнан асырам!

Алтын уақытымызды текке кетірмейікші, достар! Оттай жанып тұрған уақытымызда, алдымызға мақсат қойып, ерінбей еңбек етейік! Жиырма жылдық тарихымда түсінгенім, адамның қолы жетпейтін белес жоқ. Тек шынайы қалап, бар ынтамен талаптанып, Жаратушыдан шын ниетпен сұрасақ бір мезеге жетерміз. Ал, маған өз блокнотымда жазылған «Жоғары оқу орынына түсіп, оны сәтті аяқтау» пунктіне «орындалды» деген белгі қойып, жаңа бір пункт жазудың сәті келген секілді. Ал, ол қандай пункт екенің, әзірше жаза алмаймын, орындалғасын айтармын. Бәріңізге сәттілік!

1 пікір

maulen
Сізге десәттілік!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.