Қорқамын

Ол заманнан, бұл заманым басқарақ,
Құлқынына құйып, жатыр ашқарақ.
Қорқынышпен атырамын таңымды.
Кең жеріме, тағы кімдер бас салад(ы).

Шет ел асып, жүрген кезде қандасым,
Адалдықтан болып тұр ғой, жан басым.
Қайсын келіп, таңдайтыны мәлім ғой,
Таразыға өлшегенде ақша менен ар тасын.

Бар байлығым өз жерімде өлшеулі.
Қопарлып, шет ел жақта жер кені.
Уран қазып, улап жатқан баланы,
Не болады, жас ұрпақтың ертеңі.

Ақындардың, сөзі болмас бекерлік,
Шәйді мәңгі ішпейміз ғой шекер ғып.
Болмасын, деп мынау сөзде күпірлік.
Алла берген әрбір күнге шүкірлік.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.