Толғаныс
Алладан келді, ақындық өнер,
Шабытсыз өлең, бір күні сөнер.
Ақ парақ үстін былғап жүрмейік,
Жолына салып, атақ пен бедел.
Абайлар жазған қара сөздерді,
Кешегі тарих, көзімен көрді.
Бір екі әріп, басын құраумен,
Бүгінгі күні өлең өзгерді.
Сезіммен жүріп, сезбейсің өзің,
Талай парақты қолымда ездім.
Аянмен келіп, батасын берген,
Ақсақал ата, түсімде көрдім.
Он алты жаста екенмін сонда,
Аманат екенін, жүрекпен сездім
Жылдар өзгеріп, жетіліп өлең,
Ақында емеспін, кітапты жеген.
Аманатымның арқалап жүгін,
Жыр әлеміне жолдадым сәлем.
Мағжанның өшпей, жастық жалыны,
Фариза болып, жазсам қарымды.
Мұхтарлар болып, кеңге тыныстап,
Шығарсам деймін, бойда дарынды.
Шабытсыз өлең, бір күні сөнер.
Ақ парақ үстін былғап жүрмейік,
Жолына салып, атақ пен бедел.
Абайлар жазған қара сөздерді,
Кешегі тарих, көзімен көрді.
Бір екі әріп, басын құраумен,
Бүгінгі күні өлең өзгерді.
Сезіммен жүріп, сезбейсің өзің,
Талай парақты қолымда ездім.
Аянмен келіп, батасын берген,
Ақсақал ата, түсімде көрдім.
Он алты жаста екенмін сонда,
Аманат екенін, жүрекпен сездім
Жылдар өзгеріп, жетіліп өлең,
Ақында емеспін, кітапты жеген.
Аманатымның арқалап жүгін,
Жыр әлеміне жолдадым сәлем.
Мағжанның өшпей, жастық жалыны,
Фариза болып, жазсам қарымды.
Мұхтарлар болып, кеңге тыныстап,
Шығарсам деймін, бойда дарынды.
0 пікір