Көктем еді
Мезгіл ғой бар табиғат көктемелі,
Ол кезде көктем еді.
Сағынып қосылған бір ғашығындай,
Күн де жерге сәулесін төккен еді.
Қабырғада қаңырап бос тұратын,
Ұясы бар құстардың тостыратын.
Көшекезер, есерсоқ көктем мені,
Көршінің баласымен дос қылатын.
Қарлығаштың ұясына құмартамыз,
Жете алмай күнге күйер қу арқамыз.
Тоқтау салар әжемнің сөзінен соң,
Сап тыйып, бұзықтықты суартамыз.
Соларды шын батырлар екен дедім,
Жырлауға менің де бір жетер демім.
Жыл сайын оралады отанына,
Жыл сайын жаңартады мекендерін.
Күні түн отауыңа алаңдайсың,
Түсінсін бе сол кезде санам қайсын.
Шыж-быж болып қорғайтын балапанын,
Қарап тұрсам өзімнің анамдайсың.
Ол кезде көктем еді.
Сағынып қосылған бір ғашығындай,
Күн де жерге сәулесін төккен еді.
Қабырғада қаңырап бос тұратын,
Ұясы бар құстардың тостыратын.
Көшекезер, есерсоқ көктем мені,
Көршінің баласымен дос қылатын.
Қарлығаштың ұясына құмартамыз,
Жете алмай күнге күйер қу арқамыз.
Тоқтау салар әжемнің сөзінен соң,
Сап тыйып, бұзықтықты суартамыз.
Соларды шын батырлар екен дедім,
Жырлауға менің де бір жетер демім.
Жыл сайын оралады отанына,
Жыл сайын жаңартады мекендерін.
Күні түн отауыңа алаңдайсың,
Түсінсін бе сол кезде санам қайсын.
Шыж-быж болып қорғайтын балапанын,
Қарап тұрсам өзімнің анамдайсың.
0 пікір