өлеңім

Бәрі де басталды, сол баяға мектептен,
Ғашық болуым, ұлы сезімге ұластырарын мен біліппем?!
Бірақ сол жанды әркез көру, жадыратып жанымды,
Шат қуантып, маздай түсуші-ед, лапылдаған жалынды.

Жеткізу қайда?! Жасырдым бүгіп сырымды.
Сабырмен сақтап, тежедім іштей өзімді.
Азамат тұрып қыз сезім ашқан бола ма?
Тәрбием де бар, қылығыма көңіл тола ма?

Соңғы қоңырау соғылды оған, кетті ұзап,
Білімін шыңдап, жүрді алыста, тым жырақ.
Бір көру оны, арман боп енді, қол жетпес,
Осымен бітті. Бал сезім, арман тым асқақ.

Дедім де, мен де кеттім алыстап, жыраққа,
Оқу болса да, ұмытқан емес, бірақ та.
Жүрегім оны іздеумен болды, ынтыға,
Үміттенді де, тіледі Алладан жалына!

Келсе екен деп, арман құс қайтып аулына,
Пәк сезім мендік жауапсыз мәңгі қала ма?
Бірақ шын ниеттеп, тілеген тілек қабыл боп,
ӘППАҚ ҰЛПА ҚАР ЖАУДЫ МЕНІҢ ДЕ АУЛАМА!

Өзі тұрды, иә, сол ғашық жан менің алдымда,
Құдай-ау бұл өңім, әлде, түсім бе деп қалдым да,
Ақырын басып, жақындай келдім жанына,
Жүрегім тулап, мен емес, мені сезім билеп алды да,
Қалықтап ұштым, биікке ешкім қол жетпес,
Осы бір сәтім, есімнен менің еш кетпес!!!

Күндер де күнді, жалғай берді жылдарға,
Бірде шат, бірде ренжідік біз де шалғайда.
Жүрсек те жырақ, сезімге адал, берік боп,
Жүруші едік, шексіз бақыт бізге серік боп.

Бірақ, сұм жалған, айырды бізді, тым лездетіп,
Балалық пе еді, түсінбедім, нені біз сонда көздедік?..
Сыңарын беріп, жаралы құстай мен қайттым,
Сыр толған мұңды Аллама айтпай, кімге айттым?..
Сәждеге қойдым басымды, егіле жылап, мұң шерттім,
Қателігімді айтшы, Аллах, қай жерден мен қалт кеттім?

Сеніп ем оған, сезімге тәтті, мәңгіге,
Болар-ау деген, сөнді ме менің үмітім?..
Бірақ, қара бұлт арасынан бір сәуле,
Көрінетіндей болушы еді күні-түн…

Мейірімді Аллах, кешті бізді, етті бір,
Барында шын махаббаттың қадірін біл!
Азапты мұң болса да, ғашық жандар,
Жетті бақытқа, армандаған сан жылдар!

Міне бүгін, олар да жүр, әке-ана атанып,
Зор құрметпен, жүр ортада, шаттанып.
Пәк махаббат жасай берсін, асқақтасын мәңгіге!
Биік болсын шаңырағымыз, керілмесінші кереге!

Болсын толы бал күлкіге балдырғандар, үйіміз!
Иман, ынтымақ, бірлік пенен жадырасын күніміз!
Аман болып жақынымыз, бейбіт болсын заманым,
Екі дүниенің бақытында болайықшы бір, арманым!!!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.