Сенім

Өтіріктің ауылынан күйредім,
Сатқындықтың лайында илендім.
Адамдардың айласының ішінен,
Жамандық пен жақсылықты үйрендім.

Қолда қалам не жазар, деп күледі,
Қайта қайта иттер ғана, үреді.
Біле білсең бұл Алланың сыйлығы,
Ақындардың жырға толы жүрегі.

Сырты бүтін, іші түтін былғаныш,
Көре алмаған, көр соқырлау қызғаныш.
Екі қолды қалта жақтан шығарып,
Шамаң келсе, шимайлаумен жыр жазғыз.

Мен тұрайын, ұятымнан өртеніп,
Топырағымен ала кетсін, жер көміп,
Бірақ саған, ондай бақыт бермеген,
Өлеңді оқыр, сезімменен ел сеніп.

Мен демеймін, болашағым бұлыңғыр,
Жар басында, таста таңба жырым тұр.
Суық ызғар жанарлардан қорықпай,
Ақ парағым, қара қалам жылындыр!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.