Қараттар үйі. Ана мұңы.

Нала айтып, күнәға бата алмаймын
Тар төсекте тыныштық, жата алмаймын.
Суарусыз қалғандай жапан дүзде,
Кәрі ағаштай қуарып, жатар қайғым.

Қарттар үйі…
Жаутаңдап суық сөзге күйіп барам,
Қартайғанда көбейді-ау, тырнар жарам.
Келін түсіп, бір үйім кеңейгенде,
Сол үйге, сыймаймын деп, кім ойлаған.

Идіріп, алпыс екі тамырымды,
Жарығыңды шашып ем, мына әлемге.
Өз ұлым қолымды ұстап алып келді,
Қауқарсыз қалғандаймын, тірі өлімге.

Аяғымды бастырып, қара жерге,
Көрсеткенше көзіме тірі өлімді.
Жатқаным жақсы еді-ау, ия Тәңірім,
Қозғалмайтын адамдар жатқан көрде.

Фариза Мақсұт

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.