Сағындым Туған жерімді!

Анамның аяулы ажарындай,
Әкемнің қатулы қабағындай,
Алыстан көзіне жас алатын,
Әпкенің мейрімді жанарындай.
Сағындым Туған жерімді!

Күмбірлеп, домбыра күйіндей,
Аққудың сызылған биіндей.
Алаңсыз көшеде жүгірген,
Бөбектің күнәсіз түріндей.
Сағындым Туған жерімді!

Таулардан сарқырап бұлағы,
Елтіген бойыңды жыр әні.
Ғашықтан сыр айтқан жұлдызы,
Қуатты күнінің шуағы.
Сағындым Туған жерімді!

Елес боп, артымда балалық,
Келмейді ол жақтан жаңалық.
Қыз бала жатжұртқа жаралған,
Сезілер жүректе даралық.
Аман бол, келгенше туған жер!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.