Саған...

Тағатымды ұрлады-ау кешегі күн,
Алдыңдағы қарыздан еселімін.
Тау самалды тербетіп кеткеніңде,
Естіліп еді, санама сендегі үн.

Аласұрып, қызғанып қалатынмын,
Үй жағыңа күніне мың баратынмын.
Сен таудың самалына кеткен кезде,
Тілшелерін қарап қалдым сағатымның.

Парақтадым жүрегімнің жүз парағын,
Бергені ме бай жігітте жүз параның?
Бай жігіті сезіміңді сатып апты,
Ал мен болсам сол байдан да қызғанамын.

Жүрегіме қарашы жүрегіңмен.
Тілегіме үн қосшы тілегіңмен.
Басқа жандар ақшасына ғашық қылса,
Мен жүрегіңді алғым келді өлеңіммен.

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!